Сейсенбіге Қазақстан чемпионатында төрт матч жоспарланды.
«Құлагер» Атырауда тағы да сәтті өнер көрсетті. Бір қызығы, «Бейбарыспен» екінші матч дәл кешегідей есеппен аяқталды. Петропавлдықтар үшін жеңіс шайбасының авторы – Денис Недилько. Алаң иелері құрамынан Данил Федоров дубль жасады. Атыраулықтар үшін бұл – биылғы чемпионаттағы 15-ші жеңіліс. «Құлагер» турнир кестесінде жетінші орынға шықты.
«Бейбарыс» - «Құлагер» 2:3 (0:0, 1:1, 1:2)
1:0 - 21:11 - Федоров (Яковлев, Мурзин)
1:1 - 36:37 - Муканов (Своеволин, Казаченко)
1:2 - 47:16 - Маркабаев (Рангаев, Ищенко)
1:3 - 48:22 - Недилько (Кунишников, Ананичев)
2:3 - 49:39 - Федоров
Қақпашылар: Микушин - Каратаев
«Алматы» Рудныйдағы ойында төрт балл иемденді. «Горнякпен» екінші ойында екінші кезең шешуші болды. Қонақтар құрамынан сұрмергендер Ян Хоменко, Егор Кожевников пен Даниил Чупарнов өз есептерін толықтырды. Қақпашы Антон Осокиннің есебінде 37 сейв бар.
«Горняк» - «Алматы» 1:3 (1:1, 0:2, 0:0)
0:1 - 09:56 - Хоменко (Габдуллин)
1:1 - 14:06 - Тесленко (Абдуллаев, Гурин)
1:2 - 30:44 - Кожевников (Машинец) ГБ
1:3 - 38:32 - Чупарнов (Штефан)
Қақпашылар: Нурек – Осокин
«Номад» өзінің ұзаққа созылған жеңіліс сериясын үзді. Бүгін Георгий Верещагиннің ойыншылары минималды есеппен «Арланды» жеңді. Шешуші соққының авторы – Саян Данияр, алаң иелерінің қақпашысы Юргис Дубинскас қақпаға бағытталған 37 соққының барлығына тойтарыс берді. «Көшпенділер» 31 қазаннан бері алғаш рет жеңіске жетіп отыр, ал «Арлан» әзірге турнир кестесінде бірінші орынға шығу мүмкіндігін пайдалана алмады.
«Номад» - «Арлан» 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)
0:1 - 49:54 - Данияр (Оспанов)
Қақпашылар: Дубинскас - Мейдер
«Хумо» өз алаңында үш рет артық құрам ұйымдастырып, «Ертісті» ойсырата жеңді. Соңғы төрт кездесуде Өзбекстан астанасынан келген ұжым мүмкін болған сегіз ұпайдың жетеуін жинады. Бүгін қарсыласты екі реттен Вячеслав Литовченко мен Егор Буяльский састырды. «Ертістен» Максим Томилов дубль жасады.
«Хумо» - «Ертіс» 9:2 (3:1, 4:1, 2:0)
1:0 - 05:24 - Карабань (Малышев) ГБ
1:1 - 10:05 - Томилов (Щемель, Гулый)
2:1 - 10:50 - Павленко (Буяльский, Шевченко)
3:1 - 16:35 - Гренц (Лихотников, Буяльский)
4:1 - 23:55 - Кузнецов (Кравченко, Литовченко)
4:2 - 34:00 - Томилов
5:2 - 34:42 - Литовченко (Кравченко, Мальцев)
6:2 - 37:54 - Литовченко (Лихотников, Гренц) ГБ
7:2 - 38:03 - Буяльский (Павленко, Коган)
8:2 - 43:16 - Асташевич (Расулов, Дербенёв)
9:2 - 50:05 - Буяльский (Сиксна, Шевченко) ГБ
Қақпашылар: Козловский (Шпак, 23:55-60:00) - Орлов (Нечвиенко, 20:00-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.