Арлан мен Сарыарқа Торпедоны қуып жетуге таяды

2 jeltoqsan
313

Қазақстан чемпионатының Қарағанды мен Астанадағы матчтарын бақылайық.

«Сарыарқа» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Торпедоны» екінші матчта да жеңді. Жеңіс соққысының авторы – Александр Борисевич, Андрей Буяльский командаластарына екі рет пас берді. Осы жетістігінен кейін қарағандылықтар чемпионат көшбасшысы «Торпедодан» екі-ақ балға артта қалып келеді.

«Сарыарқа» - «Торпедо» 3:2 (2:0, 0:0, 1:2)

1:0 - 01:01 - Верещагин (Буяльский, Борисевич)

2:0 - 14:29 - Королинский (Дёмин, Баженов)

3:0 - 51:21 - Борисевич (Буяльский, Шульга)

3:1 - 52:04 - Олендаренко

3:2 - 55:33 - Пархоменко (Скутар, Лагунов)

Қақпашылар: Ибрагимов - Янков

«Арлан» Астанадағы кездесудің соңғы минутында «Номадтан» жеңісті жұлып алды. Максим Карповтың соққысы шешуші болды, екі нәтижелі пас Владимир Волковтың есебінде. «Көшпенділерден» екі нәтижелі шабуылға Саян Данияр (1+1) қатысты. Көкшетаулықтар мен «Торпедоны» бір ғана балл бөліп тұр, ал жоғалтқан балдары бойында Владимир Маркеловтың ойыншылары – чемпионат көшбасшылары.

«Номад» - «Арлан» 3:4 (1:2, 0:1, 2:1)

0:1 - 00:38 - Санников (Волков)

1:1 - 08:23 - Бойко (Дурглишвили)

1:2 - 18:52 - Хорошев

1:3 - 34:06 - Никулин (Волков)

2:3 - 46:08 - Колесников (Данияр, Симонов) ГБ

3:3 - 52:22 - Данияр (Никитин, Гусейнов)

3:4 - 59:02 - Карпов (Чапоров)

Қақпашылар: Калмыков - Кудрявцев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.