Қыстың алғашқы күніне Қазақстан чемпионатында бір матч жоспарланды, ол Қарағандыда өтті.
«Сарыарқа» мен «Торпедоның» шахтерлер астанасындағы алғашқы текетіресі айтарлықтай тартысты өтті. Командаларға жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды, ойын барысында өскемендіктер екі шайба артта қалып келе жатқан жерлерінен есе қайтарды. Ал овертаймда алаң иелеріне Глеб Зайцевтің дөп соққысы жеңіс әкелді. Қарағандылықтардың қақпашысы Жәкен Ибрагимов қақпаға бағытталған 45 соққыға тойтарыс берді.
«Сарыарқа» - «Торпедо» 3:2 ОТ (0:0, 2:0, 0:2, 1:0)
1:0 - 32:26 - Валеев (Стулов, Шингареев) ГБ
2:0 - 33:41 - Шингареев (Валеев, Капотов)
2:1 - 46:27 - Гребенщиков (Александров, Лагунов)
2:2 - 53:29 - Тютюньков (Каиров)
3:2 - 61:10 - Зайцев
Қақпашылар: Ибрагимов - Янков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.