Алматы Номадтың жеңіліс сериясын ұзартты, Арлан тартысты ойында Сарыарқадан жеңісті жұлып әкетті

28 qarasha
585

Қазақстан чемпионатының Қарағанды мен Астанадағы матчтарын бақылаймыз.

«Алматы» түзде «Номадты» жеңіп, турнир кестесінде «көшпенділерден» есеп алшақтығын бір балға дейін қысқартты. Жеңіс шайбасының авторы –Владислав Туник, Ринат Валиев командаластарына екі рет пас берді. Оңтүстік астаналық ұжымның қақпашысы Коди Портер қақпаға бағытталған 20 соққыға тойтарыс берді.

«Номад» - «Алматы» 1:3 (1:1, 0:1, 0:2)

0:1 - 06:01 - Кожевников (Валиев)

1:1 - 18:56 - Колесников (Смольянинов, Гусейнов)

1:2 - 32:43 - Туник (Кожевников, Анисимов)

1:3 - 59:56 - Хоменко (Тунхузин, Валиев)

Қақпашылар: Калмыков – Портер

«Сарыарқа» мен «Арланның» екінші кездесуі болжап болмайтындай қызу өтті. Көрермен бұл ойында артық құраммен салынған шайбаларға да, кем құрамдағы нәтижелі қарсы шабуылға да, салынған айып соққысына да куә болды. Ал ойынның нүктесі үшінші кезеңнің соңғы минуттарында Владимир Боровков өзінің дөп соққысымен көкшетаулықтарға екі балл әкелген кезде қойылды. «Көкшеліктер» құрамынан Степан Санников дубль жасады. Қарағандылықтардан жаңа ойыншы Андрей Буяльский шайба салды.

«Сарыарқа» - «Арлан» 4:5 (0:1, 4:2, 0:2)

0:1 - 03:39 - Санников (Архипов, Парамонов)

0:2 - 24:55 - Санников ШБ

1:2 - 25:31 - Верещагин (Баженов, Дёмин) ГМ

2:2 - 28:30 - Стулов (Борисевич, Баженов) ГБ

2:3 - 32:35 - Никулин (Буйван, Волков)

3:3 - 35:50 - Валеев ГБ

4:3 - 38:19 - Буяльский

4:4 - 47:25 - Борисов ГМ

4:5 - 56:08 - Боровков (Никулин, Волков) ГБ

Қақпашылар: Кадочников - Мейдер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.