Қарағанды мен Ташкенттегі буллиттер, Горняк Бейбарысты сенімді түрде жеңді

28 qarasha
590

Сәрсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында үш кездесу белгіленді.

«Сарыарқа» мен «Арланға» Қарағандыдағы алғашқы матчта жеңімпазды анықтау үшін 65 минут жетпеді. Буллиттер сериясында көкшетаулық хоккейшілер дәлірек көздеді. Шешуші соққының авторы – дубль жасаған Степан Санников. Алаң иелері құрамынан өз есебіне Артём Валеев жазды.

«Сарыарқа» - «Арлан» 3:4 Б (1:1, 1:1, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 02:46 - Валеев (Зайцев, Стулов) ГБ

1:1 - 17:09 - Санников (Архипов, Парамонов)

1:2 - 25:17 - Парамонов (Хорошев) ГБ

2:2 - 26:05 - Валеев (Зайцев, Стулов) ГБ

2:3 - 50:25 - Волков (Буйван, Боровков)

3:3 - 51:31 - Баженов (Наместников, Кузьменко)

3:4 - 65:00 – Санников ПБ

Қақпашылар: Ибрагимов - Кудрявцев

«Горняк» «Бейбарыспен» екінші текетіресте бірінші болып шайба өткізді, алайда әрі қарай екпіндетіп ойнап, қарсыласты ойсырата жеңді. Рудныйлықтардың көшбасшылары таңғажайып ойын көрсетті: Оскар Юлбарисов хет-трик пен екі рет пас берді, ал Валерий Гурин мен Евгений Степанов (екеуі де – 2+4) көзге түсті. Владислав Нурек қақпаға бағытталған 40 соққыға тойтарыс берді.

«Горняк» - «Бейбарыс» 7:2 (4:1, 3:0, 0:1)

0:1 - 07:56 - Иванов (Федоров, Гасников)

1:1 - 11:56 - Гурин (Степанов, Куршук)

2:1 - 13:46 - Юлбарисов (Гурин) ГБ

3:1 - 17:05 - Юлбарисов (Гурин, Степанов)

4:1 - 19:59 - Степанов (Юлбарисов, Куршук)

5:1 - 23:49 - Степанов (Юлбарисов, Гурин)

6:1 - 26:39 - Юлбарисов (Гурин, Степанов)

7:1 - 36:53 - Гурин (Степанов, Кротов)

7:2 - 49:03 - Каргин (Сапарбек, Контуганов)

Қақпашылар: Нурек - Микушин (Фанайлов, 40:00-60:00)

«Хумо» мен «Торпедо» да ойынды негізгі уақыт пен овертаймнан тыс аяқтады. Матчтың нүктесін өскемендіктер үшін жеңіс буллитін салған Александр Акмальдинов қойды. Андрей Янковтың есебінде 38 сейв бар.

«Хумо» - «Торпедо» 2:3 Б (1:1, 0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 03:40 - Гренц (Карабань, Лихотников)

1:1 - 11:37 - Базанов (Пархоменко, Рифель)

1:2 - 34:01 - Александров (Акмальдинов)

2:2 - 58:10 - Буяльский (Литовченко) ГМ

2:3 - 65:00 – Акмальдинов ПБ

Қақпашылар: Фомин - Янков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.