Номад қатарынан бесінші жеңіліске ұшырады

23 qarasha
412

Қазақстан чемпионатының Астанадағы сенбілік жалғыз матчында «Ақтөбе» мен «Номад» кездесті. Ойынның иелері батысқазақстандық хоккейшілер болды.

«Көшпенділер» Саян Даниярдың арқасында есеп ашты, алайда әрі қарай «Ақтөбе» қатарынан төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Өз есептерін сұрмергендер Егор Огиенко, Александр Козинов, артық құрам ұйымдастырған Вадим Митряков және Кирилл Эрфурт толтырды. «Номадтан» «Барыстан» келген Михаил Рахмановтың шайбасы қорытынды нәтижеге еш әсер етпеді. Батысқазақстандықтардың голкипері Александр Скрынник қақпаға бағытталған 32 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Номад» 4:2 (2:1, 2:0, 0:1)

0:1 - 11:14 - Данияр (Гусейнов, Симонов) ГБ

1:1 - 16:35 - Огиенко (Попитич, Исмагилов)

2:1 - 19:03 - Козинов (Дорофеев, Сошников)

3:1 - 32:42 - Митряков (Комаров, Попитич) ГБ

4:1 - 34:27 - Эрфурт (Сошников, Плотников)

4:2 - 55:36 - Рахманов (Бойко, Логвин) ГБ

Қақпашылар: Скрынник - Калмыков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.