Торпедо мен Сарыарқа тағы да жеңіске жетті

20 qarasha
420

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасты.

«Номад» Өскеменде ұпай жинай алмай, құрам жаңарғалы бері төртінші рет жеңіліске ұшырады. Алаң иелеріне Захар Пархоменконың, Андрей Лагунов пен Александр Акмальдиновтың дөп соққылары жеңіс әкелді. «Торпедо» қақпашысы Владислав Пестовтың есебінде 21 сейв бар.

«Торпедо» - «Номад» 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

1:0 - 04:58 - Пархоменко (Панченко, Гавриленко)

1:1 - 16:30 - Гусейнов (Оразбаев, Кенесбай)

2:1 - 32:43 - Лагунов (Акмальдинов, Александров) ГБ

3:1 - 58:07 - Акмальдинов (Колобов)

Қақпашылар: Пестов - Калмыков

«Сарыарқа» Павлодардан төрт балмен қайтты. «Ертіс» соңғы кезеңнің ортасына қарай есеп 0:5 болған кезде қарағандылықтардың қақпасына жол тапты. Жеңімпаздар құрамынан үш балдан Артём Валеев (2+1) пен Тимур Шингареев (1+2) иеленді. Есептік турдан кейін Владимир Князевтің ойыншылары турнир кестесінде екінші орынды иеленіп, лиганың көшбасшысы «Торпедодан» төрт ұпай қалып келеді.

«Ертіс» - «Сарыарқа» 3:6 (0:1, 0:3, 3:2)

0:1 - 11:25 - Коннов (Королинский, Баженов) ГБ

0:2 - 26:00 - Шингареев (Стулов, Валеев)

0:3 - 30:27 - Валеев (Шингареев, Стулов) ГБ

0:4 - 34:23 - Зайцев (Шульга, Наместников)

0:5 - 43:39 - Валеев (Шингареев, Борисевич) ГБ

1:5 - 50:58 - Кнауб (Щемель, Ямалов) ГБ

2:5 - 54:50 - Томилов (Гулый)

2:6 - 56:44 - Королинский (Пономарёв, Коннов)

3:6 - 59:38 - Саввин (Щемель)

Қақпашылар: Захаров - Пахоленко


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.