Дүйсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матч өтті.
«Горняк» Петропавлда «Құлагермен» матчта үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, қарымта қайтарды. Жеңіс шайбасының авторы – Владимир Кротов, рудныйлықтардың үш нәтижелі шабуылына Оскар Юлбарисов (1+2) қатысты. Осы жетістігінен кейін «Горняк» балл бойынша «Құлагерді» қуып жетті – қос команда да плей-офф аймағының шегінде тұр.
«Құлагер» - «Горняк» 2:5 (0:1, 1:1, 1:3)
0:1 - 14:44 - Гурин (Степанов, Куршук) ГБ
1:1 - 28:26 - Ананичев (Рангаев, Ищенко)
1:2 - 30:56 - Барабаш (Ханьжин, Ляпунов)
1:3 - 42:15 - Кротов (Юлбарисов, Гурин)
2:3 - 42:55 - Миргалиев ШБ
2:4 - 55:42 - Степанов (Юлбарисов)
2:5 - 56:08 - Юлбарисов (Кротов, Степанов)
Қақпашылар: Каратаев - Нурек
«Хумо» мен «Ақтөбенің» Ташкенттегі алғашқы текетіресінде екінші кезең шешуші болды: қонақтар үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Руслан Гайсин дубль жасады, Стас Петросян командаластарына үш рет пас берді. Матвей Ершовтың есебінде 33 сейв бар.
«Хумо» - «Ақтөбе» 2:4 (1:1, 0:3, 1:0)
1:0 - 10:51 - Кузнецов (Боровиков, Асташевич)
1:1 - 13:00 - Арбузов (Петросян, Гайсин)
1:2 - 20:35 - Гайсин (Петросян, Арбузов) ГБ
1:3 - 22:53 - Митряков (Комаров, Попитич)
1:4 - 28:44 - Гайсин (Петросян, Арбузов) ГБ
2:4 - 50:03 - Шевченко (Карабань, Мальцев)
Қақпашылар: Фомин - Ершов
«Бейбарыс» оңтүстік астанада сенімді түрде қарымта қайтарды. Бірінші кезеңнің барысында қарсыластар кем құраммен өзара гол алмасты. Жеңімпаздар құрамынан тәжірибелі Евгений Гасников дубль жасады, төрт нәтижелі пасты өз есебіне Илья Каргин жазды. Атыраулықтардың қақпашысы Артём Микушин қақпаға бағытталған 24 соққыға тойтарыс берді.
«Алматы» - «Бейбарыс» 1:5 (1:2, 0:2, 0:1)
0:1 - 07:33 - Гатин (Каргин, Гасников) ГМ
1:1 - 09:26 - Хоменко (Габдуллин, Бурделёв) ГМ
1:2 - 16:41 - Гасников (Федоров, Каргин)
1:3 - 28:22 - Федоров (Макаревич, Каргин)
1:4 - 39:08 - Яковлев (Каргин, Клещенко)
1:5 - 55:53 - Клочков (Мурзин)
Қақпашылар: Портер (Осокин, 40:00-60:00) - Микушин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.