Қазақстан чемпионатының ойын аптасы екі матчпен аяқталады.
«Құлагер» бірінші кезеңді табысты өткізіп, «Горнякпен» үйдегі текетіресте екі балл жинады. Сұрмергендер Батыр Маркабаев (кем құрамдағы гол) пен Александр Меньщиков (артық құрамдағы гол) өз есептерін толықтырды.
Петропавлдықтардың қақпашысы Денис Каратаевтың есебінде 39 сейв бар.
«Құлагер» - «Горняк» 2:1 (2:0, 0:0, 0:1)
1:0 - 08:55 - Маркабаев (Рангаев) ГМ
2:0 - 16:03 - Меньщиков (Рыжий, Гончаров) ГБ
2:1 - 59:44 - Кротов (Юлбарисов, Степанов) ГБ
Қақпашылар: Каратаев - Нурек
«Алматы» тартысты жекпе-жекте қатарынан алтыншы рет жеңіліске ұшыраған «Бейбарыстан» жеңісті жұлып әкетті. Шешуші соққының авторы – дубль жасаған Владислав Туник. Жеңіс шайбасына нәтижелі пасымен алаң иелерінің қақпашысы Коди Портер атсалысты, оның есебінде 29 сейв бар. Осы жетістігінен кейін оңтүстік астаналық ұжым лиганың турнир кестесінде бесінші орынға шықты.
«Алматы» - «Бейбарыс» 4:3 (1:1, 2:2, 1:0)
0:1 - 04:47 - Гасников (Федоров, Каргин)
1:1 - 19:37 - Туник ГБ
2:1 - 23:53 - Гусейнов (Нурлан)
3:1 - 32:09 - Кожевников (Валиев)
3:2 - 35:37 - Гофман (Клочков, Атаханов) ГБ
3:3 - 37:52 - Федоров (Атаханов, Мурзин)
4:3 - 58:39 - Туник (Портер, Кожевников) ГБ
Қақпашылар: Портер - Шефер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.