Өскемендегі буллиттер, Ертіс Номадты тағы да жеңді

16 qarasha
346

Сенбіге Қазақстан чемпионатында екі матч жоспарланды.

«Сарыарқа» Өскеменде жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. «Торпедомен» екінші ойынның барысында қарағандылықтар екі шайбамен алда келе жатты. Алайда жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Қонақтарға екі балды Никита Баженов сыйлады.

«Торпедо» - «Сарыарқа» 4:5 Б (1:1, 2:3, 1:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 10:45 - Акмальдинов (Тютюньков, Скутар)

1:1 - 11:28 - Пономарёв (Коннов)

1:2 - 24:41 - Симонов (Сайко, Болякин)

2:2 - 25:25 - Тютюньков (Акмальдинов, Скутар)

2:3 - 25:48 - Борисевич (Стулов, Валеев)

2:4 - 28:26 - Коннов (Пономарёв, Королинский)

3:4 - 35:49 - Рунов (Скутар, Олендаренко)

4:4 - 46:52 - Зубов (Тютюньков, Акмальдинов)

4:5 - 65:00 – Баженов ПБ

Қақпашылар: Пестов - Кадочников

«Номад» Павлодарда ұпай жинай алмады. «Ертіс» аластатулар үшін қарсыласты үш рет састырды және финалдық шабуылда да табандылық танытты. Осылайша, чемпионаттағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Алаң иелері құрамынан үш балды Александр Щемель (1+2) иемденді, екі балдан Нияз Абдрашитов (1+1) пен Филипп Кнауб (0+2) жинады.

«Ертіс» - «Номад» 4:3 (2:1, 1:0, 1:2)

0:1 - 11:34 - Цыбин (Гусейнов, Сулейменов) ГБ

1:1 - 13:14 - Ямалов (Саввин, Абдрашитов) ГБ

2:1 - 16:53 - Щемель (Кнауб, Саввин) ГБ

3:1 - 36:49 - Маслов (Афлитонов, Щемель)

3:2 - 43:59 - Симонов (Макаров, Колесников)

4:2 - 55:05 - Абдрашитов (Щемель, Кнауб) ГБ

4:3 - 59:16 - Гусейнов (Цыбин)

Қақпашылар: Нечвиенко - Калмыков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.