Көкшетаулық ұжымның Құрлықтық кубоктің үшінші раунды аясында алғашқы қарсыласты словакиялық «Жилина» болды.
Владимир Маркеловтың ойыншылары бастапқы кезеңді нашарлау бастап, екі шайба өткізіп алды. Алайда әрі қарай Данил Парамонов пен Эдуард Михайлов артық құрам ұйымдастырып, есеп алшақтығын жойды. 23-ші минутта «Арлан» тағы да есе қайтарушы команда рөлінде болды. Және ұзақ уақыт бойы Е тобының иелері өздеріне керек есепті сақтап келді, финалдық ысқырыққа үш минут қалғанда Фёдор Хорошев кем құраммен көзге түсті және кездесуді овертаймға айналдырды. Десе де, бес минуттық қосымша уақыт «Жилина» ойыншыларының пайдасына шешілді.
Алғашқы ойын күнінің басқа жекпе-жегінде британдық «Кардифф» италиялық «Риттенді» (5:1) сенімді түрде жеңіп, аталмыш төрттік кестесінде көш бастады.
«Арлан» - «Жилина» 3:4 ОТ (1:2, 1:1, 1:0, 0:1)
0:1 – 03:11 – Балаж (Шмида, Дьяков)
0:2 – 07:07 – Фейеш (Муха) ГБ
1:2 – 14:35 – Парамонов (Архипов, Буйван)
2:2 – 20:49 – Михайлов (Волков) ГБ
2:3 – 22:48 – Муха (Шмида)
3:3 – 57:08 – Хорошев (Архипов) ГМ
3:4 – 62:27 – Гахулинец (Валега, Фейеш)
Қақпашылар: Кудрявцев – Косаристан
Фото - DOXXbet Vlci Žilina / Daniel Stehlík
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.