Жұмаға Қазақстан чемпионатында Өскемен мен Павлодарда екі кездесу жоспарланды.
«Торпедо» «Сарыарқаға» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. Алаң иелерінің жаңа ойыншылары Никита Колобов пен Андрей Рунов бір голдан салды, қарсыласты тағы бір рет Александр Акмальдинов күйіндірді. Өскемендіктердің қақпашысы Андрей Янковтың есебінде 15 сейв бар.
«Торпедо» - «Сарыарқа» 3:0 (0:0, 3:0, 0:0)
1:0 - 36:58 - Акмальдинов (Олендаренко, Базанов)
2:0 - 37:55 - Колобов (Зубов)
3:0 - 38:32 - Рунов (Кляузов)
Қақпашылар: Янков - Кадочников
«Ертіс» үйдегі алғашқы матчта «Номадтан» басым түсті. Павлодарлық команда ағымдағы маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді. «Көшпенділер» ойын күнінің қорытындысы бойынша кестеде бір қатарға төмендеді – көшті «Торпедо» бастап тұр. Алаң иелерінің үш нәтижелі шабуылына Нияз Абдрашитов (1+2) қатысты. Қақпашы Даниил Захаровтың есебінде 26 сейв бар.
«Ертіс» - «Номад» 5:2 (1:0, 3:2, 1:0)
1:0 - 00:19 - Ямалов (Абдрашитов)
1:1 - 23:42 - Симонов (Кеңесбай, Колесников)
2:1 - 24:52 - Кнауб (Ямалов, Абдрашитов)
3:1 - 26:55 - Акпирганов (Жабунин)
4:1 - 36:04 - Афлитонов (Щемель)
4:2 - 39:18 - Сулейменов (Макеев, Филиппенко)
5:2 - 59:02 - Абдрашитов (Пак) ПВ
Қақпашылар: Захаров - Дубинскас (Калмыков, 36:04-58:27)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.