Хумо мен Алматы үй матчтарында тағы да жеңіске жетті

14 qarasha
199

Қазақстан чемпионаты Ташкент пен Алматыдағы екі матчпен жалғасты.

«Хумо» екі рет артық құрам ұйымдастырып, үйдегі алаңда «Бейбарысты» тағы да жеңді. Шешуші соққы Данила Карабаньның есебінде. Осы жетістігінен кейін ташкенттіктер лиганың турнир кестесінде төртінші орынға шықты.

«Хумо» - «Бейбарыс» 3:2 (1:1, 0:0, 2:1)

0:1 - 07:20 - Злобин (Гасников)

1:1 - 10:19 - Сиксна (Кравченко, Шевченко) ГБ

2:1 - 42:37 - Жилов (Сиксна, Расулов)

2:2 - 53:42 - Асуханов (Гатин, Атаханов) ГБ

3:2 - 55:22 - Карабань (Литовченко, Малышев) ГБ

Қақпашылар: Козловский - Шефер

Бірінші үзіліске бір секунд қалғанда салынған Сергей Твердохлебовтың шайбасы «Алматы» мен «Ақтөбенің» арасындағы екінші ойынның әрі қарайғы тағдырын шешті. Алаң иелері өз сәттерін ұтымды пайдаланып, өз қоржындарын екі ұпаймен толтырды. Коди Портер өз есебіне 31 сейв жазды.

«Алматы» - «Ақтөбе» 3:1 (1:0, 0:1, 2:0)

1:0 - 19:59 - Твердохлебов (Тунхузин, Хоменко)

1:1 - 21:43 - Гайсин (Петросян)

2:1 - 45:24 - Жульдиков (Хоменко, Бурделёв) ГБ

3:1 - 49:17 - Гусейнов (Штефан, Гафаров)

Қақпашылар: Портер - Ершов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.