Хумо жеңісті Бейбарыстан жұлып әкетті, Портер Ақтөбені «құрғатты»

13 qarasha
272

Pro Ligasy матчтары Алматыда Азия чемпионатының өтуіне байланысты болған үзілістен кейін жалғасын тапты.

«Хумо» үйдегі серияны «Бейбарысқа» қарсы ойындағы жеңіспен бастады. Ташкенттіктерге айып соққысын жүзеге асырған Данила Карабань, жеңіс шайбасының авторы Егор Буяльский және қақпаға бағытталған 30 соққыға тойтарыс берген Олег Фомин жеңіс әкелді. Атыраулықтар ағымдағы маусымда оныншы жеңіліске ұшырады және плей-офф аймағынан біршама қалып келеді.

«Хумо» - «Бейбарыс» 2:1 (1:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 05:55 - Карабань ШБ

1:1 - 14:09 - Клочков (Садыков)

2:1 - 45:20 - Буяльский (Хисамутдинов, Габрусь)

Қақпашылар: Фомин - Микушин

Үшінші кезеңнің соңында екі рет артық құраммен көзге түскен Сергей Машинецтің дублі «Алматыға» үйдегі алаңда «Ақтөбені» жеңуге көмектесті. Кездесудің қаһарманы – өз есебіне 33 сейв жазған алаң иелерінің қақпашысы Коди Портер.

«Алматы» - «Ақтөбе» 3:0 (1:0, 0:0, 2:0)

1:0 - 08:54 - Тунхузин (Кожевников)

2:0 - 58:30 - Машинец (Туник) ГБ

3:0 - 59:32 - Машинец (Кожевников, Тунхузин) ГБ

Қақпашылар: Портер - Скрынник


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.