Ақтөбе Бейбарысты минималды есеппен жеңді

2 qarasha
282

Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Ақтөбеде өтті.

«Ақтөбе» мен «Бейбарыстың» екінші текетіресінде барлығын бір дөп соққы шешті. Екінші үзіліске аз қалғанда Владислав Арбузов артық құрам ұйымдастырды және бұл голы жеңіс әкелді. Алаң иелерінің қақпашысы Матвей Ершов қақпаға бағытталған 44 соққыға тойтарыс берді. Осы жеңісінен кейін «Ақтөбені» плей-офф аймағынан бір жеңіс бөліп тұр. Ал атыраулықтар соңғы алты ойында бесінші рет жеңіліске ұшырады.

«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 36:37 - Арбузов (Гайсин, Петросян) ГБ

Қақпашылар: Ершов - Микушин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.