Алматы мен Хумоның тасы өрге домалады

1 qarasha
306

Қазақстан чемпионаты Павлодар мен Ташкенттегі матчтар арқылы жалғасты.

«Алматы» «Ертіспен» екінші матчтың басында баяу қимылдап, қарсыласқа екі шайбамен алға шығуға мүмкіндік берді. Алайда әрі қарай оңтүстік астаналық ұжым бапкерлері тиісті сөздер тауып, өз ойыншыларын ойынға қайтара алды. Қонақтар құрамынан 3 (1+2) балдан Станислав Тунхузин мен Владислав Туник жинады. «Ертістен» дәл осындай нәтижеге Арслан Ямалов жетті.

«Ертіс» - «Алматы» 3:5 (2:0, 0:4, 1:1)

1:0 - 10:41 - Ямалов (Кнауб) ГБ

2:0 - 12:12 - Кнауб (Ямалов, Пак)

2:1 - 26:22 - Андрусенко (Алламов, Гусейнов)

2:2 - 30:00 - Тунхузин (Туник) ГБ

2:3 - 38:08 - Туник (Тунхузин, Анисимов)

2:4 - 39:55 - Кожевников (Туник, Валиев) ГБ

2:5 - 42:54 - Валиев (Кожевников, Тунхузин) ГБ

3:5 - 58:13 - Абдрашитов (Ямалов, Афлитонов) ГБ

Қақпашылар: Захаров - Осокин

«Хумо» Ташкенттегі екінші ойында «Сарыарқадан» жеңісті жұлып әкетті. Бір қызығы, екі шайбаны өзінің бұрынғы командасының қақпасына «Сарыарқа» форварды Тимур Шингареев салды. Алаң иелері да қарап қалмады – Вячеслав Литовченко қарсыласты екі рет састырды. Өз командаласына сондай-ақ артық құрам ұйымдастырған Вадим Кравченко көмектесті. «Хумо» қақпашысы Леонид Фоминнің есебінде 27 сейв бар.

«Хумо» - «Сарыарқа» 3:2 (1:1, 0:1, 2:0)

0:1 - 09:46 - Шингареев (Наместников, Дёмин)

1:1 - 13:19 - Литовченко (Карабань, Малышев) ГБ

1:2 - 30:18 - Шингареев (Наместников, Зайцев)

2:2 - 43:50 - Кравченко (Сиксна) ГБ

3:2 - 53:12 - Литовченко (Шевченко, Буяльский)

Қақпашылар: Фомин - Ибрагимов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.