Pro Hokei Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы өз өнерлерін жалғастыруда.
«Номад» үшінші кезеңнің аяқталуына екі минутқа жетер-жетпес уақыт қалғанда «Құлагермен» жекпе-жектің барысын бұрып жіберді. Даниил Цыбин ойынды овертаймға ысқырыққа үш секунд қалғанда айналдырды. Ал қосымша бес минуттың басында Аңсар Шайхмедденов «көшпенділерге» жеңіс әкелді.
«Құлагер» - «Номад» 2:3 ОТ (1:0, 0:0, 1:2, 0:1)
1:0 - 19:01 - Меньщиков (Гловацкий)
2:0 - 50:42 - Рангаев (Меньщиков)
2:1 - 58:21 - Гусейнов (Цыбин)
2:2 - 59:57 - Цыбин
2:3 - 60:27 - Шайхмедденов (Оспанов, Никитин)
Қақпашылар: Каратаев – Калмыков
«Горняк» пен «Арланның» кездесуі де тартысты өтті. Көкшетаулықтар финалдық ысқырыққа 17 секунд қалғанда негізгі уақыттағы жеңілістен құтылды. Нәтижесінде жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Мұнда рудныйлықтар дәлірек көздеді – шешуші соққының авторы Роман Поляничев.
«Горняк» - «Арлан» 5:4 Б (0:2, 3:0, 1:2, 0:0, 1:0)
0:1 - 03:48 - Карпов (Никулин, Волков)
0:2 - 15:27 - Парамонов (Санников, Хорошев) ГБ
1:2 - 22:02 - Ляпунов (Барабаш)
2:2 - 32:14 - Милушкин (Юлбарисов, Гурин)
3:2 - 38:32 - Куршук (Гурин, Юлбарисов)
3:3 - 51:52 - Санников
4:3 - 54:04 - Юлбарисов (Кротов, Гурин) ГБ
4:4 - 59:43 - Никулин (Чапоров)
5:4 - 65:00 – Поляничев ПБ
Қақпашылар: Нурек - Кудрявцев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.