Сәрсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында бір матч жоспарланды.
Петропавлда жергілікті «Құлагер» мен «Номад» кездесті. «Көшпенділер» бесінші минутта Руслан Оспановтың көмегімен есеп ашты. Алайда үзіліске дейін-ақ Батыр Марқабаев таблодағы есепті теңестірді. Екінші кезеңнің басында Александр Меньщиков шайба салды, кейін белгілі болғандай, бұл шайба алаң иелеріне жеңіс әкелді. «Құлагер» қақпашысы Денис Каратаев қақпаға бағытталған 36 соққыға тойтарыс берді.
«Құлагер» - «Номад» 2:1 (1:1, 1:0, 0:0)
0:1 - 04:27 - Оспанов (Коченевский)
1:1 - 16:41 - Маркабаев (Своеволин, Казаченко)
2:1 - 24:16 - Меньщиков (Гловацкий, Рангаев)
Қақпашылар: Каратаев - Дубинскас
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.