Арлан Хумодан сенімді түрде қарымта қайтарды, Сарыарқа тағы да үштікте

28 qazan
332

Дүйсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч жоспарланды.

«Арлан» мен «Хумоның» екінші кездесуінің сценарийі біріншіге мүлдем ұқсамады. Бүгін көкшетаулықтар дәлірек көздеді, ал қонақтар финалдық ысқырыққа үш минут қалғанда құрғақ жеңілістен құтылып кетті. «Көкшеліктердің» үш нәтижелі шабуылына Владислав Никулин (1+2) қатысты. Сергей Кудрявцевтің есебінде 32 сейв бар. Осы жетістігінен кейін Владимир Маркеловтың командасы чемпионаттың аралық көшбасшысы «Номадтан» есеп алшақтығын екі балға дейін қысқартты.

«Арлан» - «Хумо» 5:1 (1:0, 2:0, 2:1)

1:0 - 18:19 - Парамонов (Архипов, Гопиенко) ГБ

2:0 - 28:20 - Санников (Парамонов)

3:0 - 39:04 - Никулин ГМ

4:0 - 48:44 - Волков (Никулин, Боровков)

4:1 - 57:02 - Гренц (Сиксна) ГБ

5:1 - 57:55 - Боровков (Волков, Никулин)

Қақпашылар: Кудрявцев - Фомин

«Алматы» Қарағандыда ұпай жинай алмады. Шешуші шайбаны өз есебіне Александр Борисевич жазды. Жинаған екі балының арқасында «Сарыарқа» Лига үздіктерінің үштігіне оралды.

«Сарыарқа» - «Алматы» 3:2 (2:1, 0:0, 1:1)

1:0 - 10:56 - Коннов (Дёмин)

2:0 - 11:18 - Стулов (Валеев, Борисевич)

2:1 - 13:07 - Тунхузин (Карамнов, Твердохлебов) ГБ

3:1 - 51:01 - Борисевич (Пелевин)

3:2 - 53:59 - Кожевников (Валиев, Туник)

Қақпашылар: Кадочников - Портер (Павлов, 11:18-11:48)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.