Арлан Хумодан «құрғақ» жеңілді, Құлагер мен Торпедо қарымта қайтарды

27 qazan
461

Pro Hokei Ligasy-ның кезекті ойын аптасы төрт матчпен аяқталды.

«Хумо» Көкшетаудағы алғашқы кездесуде әрбір кезеңде шайбадан салып, «Арланның» үш матчқа созылған жеңіс сериясын үзді. Дмитрий Гренц, Артём Мальцев және бос қақпаны алған Павел Синявский гол салды. Данила Карабань мен Артём Лихотников командаластарына екі реттен пас берді. Леонид Фомин қақпаға бағытталған 19 соққыға тойтарыс берді.

«Арлан» - «Хумо» 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)

0:1 - 14:31 - Гренц (Карабань) ГБ

0:2 - 24:43 - Мальцев (Лихотников, Карабань)

0:3 - 59:50 - Синявский (Лихотников) ПВ

Қақпашылар: Мейдер - Фомин

«Сарыарқа», керісінше, үш матчтық жеңіліс сериясын үзді. Қарағандылықтар оңтүстік астанадағы жеңіліс үшін «Алматыдан» қарымта қайтарды. Алаң иелерінің жеңіс шайбасының авторы – артық құрам ұйымдастырған Дмитрий Стулов. Қонақтардың құрамынан Владислав Туник дубль жасады.

«Сарыарқа» - «Алматы» 5:3 (0:0, 2:3, 3:0)

1:0 - 27:08 - Шингареев (Стулов, Валеев) ГБ

1:1 - 30:15 - Кожевников (Туник) ГБ

2:1 - 34:09 - Баженов (Капотов, Пелевин)

2:2 - 35:42 - Туник (Валиев, Анисимов) ГБ

2:3 - 37:20 - Туник (Анисимов)

3:3 - 53:25 - Зайцев (Кузьменко, Пелевин)

4:3 - 57:07 - Стулов (Зайцев) ГБ

5:3 - 59:08 - Коннов (Шингареев) ПВ

Қақпашылар: Кадочников - Осокин

«Құлагер» мен «Ақтөбе» ойынды тағы да негізгі уақыттан тыс аяқтады. Бүгін сәттілік Алексей Дерзаевтың овертаймдағы дөп соққысының арқасында екі балды иемденген петропавлдықтарға серік болды. Аталмыш нәтижелі шабуылға алаң иелерінің қақпашысы Денис Каратаев пас берді. Ол сондай-ақ 24 сейв жасады.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 3:2 ОТ (0:0, 1:2, 1:0, 1:0)

1:0 - 22:19 - Гловацкий (Миргалиев, Рыжий) ГБ

1:1 - 22:45 - Дорофеев (Горожанинов, Сошников)

1:2 - 23:54 - Попитич (Исмагилов)

2:2 - 42:49 - Недилько (Ананичев Ар., Казаченко)

3:2 - 62:24 - Дерзаев (Ананичев Ал., Каратаев)

Қақпашылар: Каратаев - Скрынник

«Торпедо» «Номадпен» түздегі екінші матчтың барысында екі рет есеп бойынша алға шықты, алайда «көшпенділер» буллиттер сериясында есе жіберіп, бір балл иемдене алды. Қонақтарға жеңісті Илья Кляузов сыйлады. Осы жетістігінен кейін өскемендіктер аралық көшбасшы – Астанадан есеп алшақтығын үш ұпайға дейін қысқартты.

«Номад» - «Торпедо» 2:3 Б (0:1, 1:0, 1:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 17:10 - Панченко (Олендаренко, Кляузов) ГБ

1:1 - 30:18 - Шайхмедденов (Данияр, Гусейнов) ГБ

1:2 - 47:03 - Лагунов (Зубов, Пархоменко) ГБ

2:2 - 52:43 - Данияр (Кенесбай, Симонов)

2:3 - 65:00 - Кляузов ПБ

Қақпашылар: Калмыков - Янков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.