Номадтың оныншы жеңісі, Петропавлдағы буллиттер

26 qazan
420

Сейсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында екі ойын жоспарланды.

«Номад» командалардан алғаш болып биылғы чемпионатта он жеңіске жетті және лига кестесінде бірінші орынға бекіді. «Көшпенділерге» «Торпедомен» алғашқы жекпе-жекте Руслан Оспановтың, Семён Симоновтың, Даниил Цыбин мен Вячеслав Колесниковтың дөп соққылары жеңіс сыйлады. Елордалық ұжымның қақпашысы Юргис Дубинскас қақпаға бағытталған 37 соққыға тойтарыс берді. Өскемендіктер соңғы төрт матчтың үшеуінде жеңіліске ұшырады.

«Номад» - «Торпедо» 4:2 (0:0, 1:1, 3:1)

1:0 - 34:15 - Оспанов (Кенесбай, Кайыржан)

1:1 - 37:09 - Лагунов

2:1 - 47:42 - Симонов (Александров, Оспанов) ГБ

3:1 - 51:33 - Цыбин (Александров, Можаев)

3:2 - 57:32 - Кляузов (Быков, Громов)

4:2 - 58:26 - Колесников (Гусев, Гусейнов) ГБ

Қақпашылар: Дубинскас – Пестов

«Құлагер» «Ақтөбемен» алғашқы үй матчында екі шайба есе жіберіп келе жатқан жерінен қарымта қайтарып, негізгі уақыттағы жеңілістен құтылып кетті. Овертайм шайбасыз өтті, ал буллиттер сериясында қонақтар дәлірек көздеді. Жеңіс соққысының авторы – Евгений Попитич. Петропавлдық ұжым үшін бұл – қатарынан үшінші жеңіліс.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 3:4 Б (0:0, 2:3, 1:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 22:11 – Ананичев Ал. (Дерзаев, Ананичев Ар.) ГБ

1:1 - 28:02 - Горожанинов (Дорофеев, Беляев)

1:2 - 28:24 - Гайсин (Петросян)

1:3 - 29:06 - Захаров

2:3 - 39:36 - Коваленко (Гловацкий, Своеволин)

3:3 - 52:40 - Юдин (Своеволин)

3:4 - 65:00 – Попитич ПБ

Қақпашылар: Каратаев - Скрынник


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.