Торпедолықтар Атырауда қарымта қайтарды

23 qazan
391

Сәрсенбіге Қазақстан чемпионатында бір матч жоспарланды.

Андрей Лагуновтың үш балы «Торпедоға» «Бейбарыспен» екінші ойында жеңіске жетуге көмектесті. Форвард кем құраммен салынған шешуші голдың авторы атанды, сонымен қатар командаластарына екі рет пас берді. Өскемендіктердің қақпашысы Владислав Пестров қақпаға бағытталған 38 соққыға тойтарыс берді.

«Бейбарыс» - «Торпедо» 2:3 (0:1, 1:0, 1:2)

0:1 - 15:05 - Панченко (Лагунов, Рысбеков)

1:1 - 39:31 - Гофман (Мурзин)

1:2 - 41:24 - Архипов (Лагунов, Зубов) ГБ

1:3 - 43:36 - Лагунов (Зубов) ГМ

2:3 - 44:19 - Гасников (Злобин, Иванов) ГБ

Қақпашылар: Шефер - Пестов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.