Сейсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.
Жаңа ойыншы Антон Злобин мен тәжірибелі Евгений Гасниковтың голдары, сонымен қатар Илья Каргиннің екі пасы «Бейбарысқа» «Торпедомен» алғашқы үй матчында екі балл сыйлады. Роман Шефер өз есебіне 40 сейв жазды. Осылайша, атыраулықтар өздерінің үш матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді.
«Бейбарыс» - «Торпедо» 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)
1:0 - 18:35 - Злобин (Гасников, Каргин)
2:0 - 35:23 - Гасников (Каргин, Авдеенко)
2:1 - 59:16 - Лагунов (Рифель, Лагунов)
Қақпашылар: Шефер - Янков
«Номад» «Ертісті» тағы да тырп еткізбеді. Сегізінші минутқа қарай «көшпенділер» үш шайбамен алда келе жатты. Финалдық ысқырық алаң иелерінің сенімді «құрғақ» жеңісін тіркеді. Никита Колобов дубль жасады. Осы жеңісінен кейін Георгий Верещагиннің ойыншылары Лиганың турнир кестесінде бірінші орынға шықты.
«Номад» - «Ертіс» 5:0 (3:0, 1:0, 1:0)
1:0 - 03:33 - Колобов (Мангисбаев, Александров)
2:0 - 05:21 - Цыбин (Гусейнов, Макеев)
3:0 - 07:56 - Данияр (Колесников, Смольянинов)
4:0 - 28:06 - Колобов (Сулейменов, Александров)
5:0 - 48:21 - Гусев (Колесников, Смольянинов)
Қақпашылар: Калмыков - Захаров
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.