Арлан Ақтөбені жеңді

20 qazan
273

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Көкшетауда өтті.

Алаң иелері бірінші кезеңді екпіндетіп өткізді және мұнысы ойынның әрі қарайғы барысын анықтады. «Арлан» 15 минутқа жетер-жетпес уақыт ішінде қарсыласты үш рет састырды. Александр Гопиенко дубль жасап, екі ретте де артық құраммен салды, тағы бір дөп соққы Данил Парамоновтың есебінде. Екінші кезеңдегі Евгений Попитич пен Кирилл Эрфурттың голдары «Ақтөбеге» есеп алшақтығын минимумға дейін азайтуға мүмкіндік берді. Алайда қонақтар одан әріге бара алмады.

«Арлан» - «Ақтөбе» 3:2 (3:0, 0:2, 0:0)

1:0 - 00:25 - Парамонов (Хорошев, Санников)

2:0 - 09:08 - Гопиенко (Санников, Архипов) ГБ

3:0 - 14:22 - Гопиенко (Архипов, Хорошев) ГБ

3:1 - 32:48 - Попитич (Исмагилов)

3:2 - 39:44 - Эрфурт (Захаров, Попитич)

Қақпашылар: Мейдер - Скрынник


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.