Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.
«Алматы» мен «Сарыарқаның» екінші матчындағы шешуші сәттер екінші кезеңде орын алды: алаң иелері қарағандылық ұжымды төрт рет састырды. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы – командаластарына үш рет пас берген Станислав Тунхузин. «Алматының» қақпашысы Антон Осокин қақпаға бағытталған 39 соққыға тойтарыс берді.
«Алматы» - «Сарыарқа» 5:3 (0:1, 4:2, 1:0)
0:1 - 12:10 - Шингареев (Капотов, Валеев)
1:1 - 26:46 - Гафаров
1:2 - 28:01 - Наместников
2:2 - 30:35 - Туник (Машинец, Тунхузин)
3:2 - 31:02 - Пчалин (Карамнов)
3:3 - 37:19 - Симонов (Сайко, Пелевин)
4:3 - 38:26 - Кожевников (Машинец, Тунхузин)
5:3 - 45:41 - Анисимов (Кожевников, Тунхузин)
Қақпашылар: Осокин – Ибрагимов
«Горняк» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, Ташкентте сенімді түрде қарымта қайтарды. Жеңіс шайбасының авторы – Дмитрий Тесленко, Никита Ляпунов дубль жасады. Рудныйлықтардың қақпашысы Владислав Нуректің есебінде 39 сейв бар.
«Хумо» - «Горняк» 2:5 (0:1, 2:1, 0:3)
0:1 - 12:29 - Кротов (Власкин, Васин)
1:1 - 20:45 - Литовченко (Сиксна, Гренц)
2:1 - 23:36 - Синявский (Сиксна, Кравченко) ГБ
2:2 - 34:53 - Ляпунов (Ханьжин, Милушкин)
2:3 - 46:56 - Тесленко (Поляничев)
2:4 - 47:07 - Ляпунов
2:5 - 59:07 - Поляничев (Лазарев, Нурек) ПВ
Қақпашылар: Козловский - Нурек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.