Хоккейден Қазақстан чемпионаты елордада бір матчпен жалғасты.
«Номад» пен «Құлагер» арасындағы екінші ойында командалар жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Елордалық ұжымға екі балды өз командасының барлық гол шабуылдарына қатысқан Михаил Рахманов салды. Алаң иелерінің қақпашысы Юргис Дубинскастың есебінде 31 сейв бар. Осы жетістігінің арқасында Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары чемпионат көшбасшыларының үштігіне енді.
«Номад» - «Құлагер» 3:2 Б (1:1, 0:0, 1:1, 0:0, 1:0)
1:0 - 04:32 - Рахманов
1:1 - 18:33 - Голощапов (Недилько)
1:2 - 44:08 - Миргалиев (Юдин, Гловацкий)
2:2 - 46:44 - Шайхмедденов (Рахманов) ГМ
3:2 - 65:00 - Рахманов ПБ
Қақпашылар: Дубинскас - Каратаев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.