Номад қатарынан төртінші жеңіске қол жеткізді

14 qazan
394

Қазақстан чемпионатындағы дүйсенбінің жалғыз матчы елордада өтті.

«Құлагер» «Номадқа» қарсы түздегі алғашқы матчты жақсы өткізді. Соңғы кезеңнің ортасына қарай петропавлдық ұжым тіпті есеп бойынша алда келе жатты. Алайда алаң иелері таблодағы есепті теңестіріп қана қоймай, финалдық ысқырыққа екі минуттан астам уақыт қалған кезде Олег Бойко жасаған дөп соққының арқасында жеңісті жұлып әкетті. Аңсар Шайхмедденов командаластарына екі рет пас берді. «Көшпенділердің» қақпашысы Роман Калмыковтың есебінде тойтарылған 24 соққы бар.

«Номад» - «Құлагер» 3:2 (1:1, 0:2, 2:0)

1:0 - 01:02 - Логвин (Шайхмедденов, Рахманов)

1:1 - 19:56 - Недилько (Юдин, Голощапов)

1:2 - 32:22 - Миргалиев (Гловацкий, Бабинцев)

2:2 - 48:07 - Бутенко (Шайхмедденов)

3:2 - 57:14 - Бойко (Колобов)

Қақпашылар: Калмыков - Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.