Алматы Горнякты сенімді түрде жеңді, Кожевников хет-трик жасады, Сарыарқа овертаймда Хумоға жол берді, алайда бірінші орынға шықты

13 qazan
457

Қазақстан чемпионатындағы ойын аптасы екі матчпен аяқталды.

«Алматы» екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Горнякпен» үйдегі текетіресте екінші жеңісіне қол жеткізді. Алты шайбаның бесеуін алаң иелері артық құраммен салды, ал бір нәтижелі шабуылға тіпті 35 соққыға тойтарыс берген қақпашы Коди Портер атсалысты. Алайда басты қаһарман – хет-трик жасаған Егор Кожевников деуге болады.

«Алматы» - «Горняк» 6:2 (0:0, 5:1, 1:1)

1:0 - 20:51 - Кожевников (Тунхузин, Машинец) ГБ

2:0 - 25:18 - Штефан (Карамнов, Хоменко) ГБ

3:0 - 26:25 - Кожевников (Портер, Тунхузин) ГБ

3:1 - 31:17 - Лазарев ГБ

4:1 - 39:24 - Машинец (Кожевников, Тунхузин) ГБ

5:1 - 39:47 - Данилкин ГБ

6:1 - 46:05 - Кожевников (Карамнов)

6:2 - 47:30 - Катков (Кротов, Барабаш)

Қақпашылар: Портер - Нурек (Байдек, 40:00-60:00)

«Сарыарқа» «Хумомен» екінші матчтың барысында 0:2 және 2:4 есебімен есе жіберіп келе жатты, алайда қарағандылықтар негізгі уақыттағы жеңілістен құтылды. Төртінші шайба ташкенттіктердің қақпасына финалдық ысқырыққа 47 секунд қалғанда аттанды. Десе де, бұл кеште жеңіс қонақтарға бұйырды. Овертаймның соңғы минутында «Хумоға» екі балды дубль жасаған Иван Степаненко сыйлады. Жеңіліске қараамастан, Владимир Князевтің ойыншылары бір ұпай жинап, лиганың турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

«Сарыарқа» - «Хумо» 4:5 ОТ (2:3, 0:1, 2:0, 0:1)

0:1 - 02:21 - Кравченко (Сиксна) ГБ

0:2 - 05:00 - Кузнецов (Малышев, Литовченко)

1:2 - 11:19 - Стулов (Дёмин)

1:3 - 12:56 - Малышев (Литовченко)

2:3 - 19:44 - Зайцев (Коннов, Кузьменко)

2:4 - 25:19 - Степаненко (Литовченко, Шевченко)

3:4 - 43:50 - Коннов (Шульга, Наместников)

4:4 - 59:13 - Дёмин (Верещагин, Баженов)

4:5 - 64:16 - Степаненко (Синявский, Лихотников)

Қақпашылар: Микушин - Фомин (Климахин, 32:33-40:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.