Сарыарқа Хумодан жеңісті овертаймның аяқталуына бір секунд қалғанда жұлып әкетті, Алматы да Горнякты овертаймда жеңді

12 qazan
266

Қазақстан чемпионатында ойын уикендін Алматы және Қарағандыдағы матчтар ашты.

«Алматы» мен «Горняк» жеңімпазды овертаймның төртінші минутында анықтады. Оңтүстікастаналық ұжымға екі балды Артур Данилкиннің дөп соққысы сыйлады.Виталий Карамнов дубль жасады. Алаң иелері осы жетістігінен кейін плей-офф аймағынан бір ғана ұпайға артта қалып отыр.

«Алматы» - «Горняк» 4:3 ОТ (1:2, 2:0, 0:1, 1:0)

0:1 - 07:18 - Власкин (Тесленко, Платонов)

1:1 - 12:17 - Карамнов (Бурделёв, Хоменко)

1:2 - 12:41 - Габазов (Омельковец, Козорез)

2:2 - 26:58 - Карамнов (Бурделёв, Пчалин) ГБ

3:2 - 29:15 - Хоменко (Карамнов, Пчалин) ГБ

3:3 - 44:35 - Омельковец (Козорез, Ханьжин)

4:3 - 63:16 - Данилкин (Тунхузин)

Қақпашылар: Осокин - Тихонов

«Сарыарқа» мен «Хумо» да матчты негізгі уақыттан тыс аяқтады, бұл жекпе-жектің тағдыры овертаймның аяқталуына бір секунд қалғанда шешілді. Ойынның нүктесін Егор Кузьменко қойды. Үш шайбаның үшеуін де қарағандылықтар артық құраммен салды. Иемденген екі балдың арқасында Владимир Князевтің ойыншылары турнир кестесінде екінші орынға шықты.

«Сарыарқа» - «Хумо» 3:2 ОТ (1:0, 1:2, 0:0, 1:0)

1:0 - 07:23 - Зайцев (Валеев, Шингареев) ГБ

1:1 - 24:16 - Дербенёв (Карабань)

2:1 - 30:35 - Шингареев (Кузьменко, Валеев) ГБ

2:2 - 33:50 - Карабань (Малышев, Гренц) ГБ

3:2 - 64:59 - Кузьменко (Борисевич) ГБ

Қақпашылар: Ибрагимов - Козловский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.