Арлан Торпедоның жеңіс сериясын үзді, Құлагер Павлодарда жеңіске жетті

11 qazan
259

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі ойынмен жалғасады.

«Торпедо» мен «Арланның» екінші текетіресінде көкшетаулық ұжым басым түсті. Шешуші шайбаны соңғы кезеңнің ортасында артық құраммен көзге түскен Данил Парамонов салды. Тимур Мейдердің есебінде 26 сейв бар. Осылайша, өскемендіктердің жеңіс сериясы 6 матчпен аяқталды.

«Торпедо» - «Арлан» 1:2 (0:0, 0:1, 1:1)

0:1 - 36:58 - Басов (Никулин) ГМ

1:1 - 41:17 - Алдабергенов (Шапорев, Кляузов)

1:2 - 49:28 - Парамонов (Мейдер, Железнов) ГБ

Қақпашылар: Пестов - Мейдер

«Ертіс» пен «Құлагер» матчты 12 нәтижелі шабуылмен өткізді. Бүгін бірінші кезеңде-ақ қарсыласты бес рет күйіндіріп үлгерген петропавлдық ұжым дәлірек көздеді. Өз есебіне екі голдан Ранис Миргалиев пен Денис Недилько жазды. Осы жетістігінен кейін қонақтар турнир кестесінде алтыншы орынға шықты.

«Ертіс» - «Құлагер» 3:9 (1:5, 1:4, 1:0)

0:1 - 09:30 - Миргалиев (Анисимов)

0:2 - 11:35 - Гловацкий (Голощапов, Миргалиев)

0:3 - 13:24 - Недилько (Ананичев Ар., Ананичев Ал.) ГБ

0:4 - 14:35 - Миргалиев (Дерзаев, Рыжий)

1:4 - 15:58 - Кнауб (Гусейнов, Нурлан) ГБ

1:5 - 16:50 - Меньщиков (Ананичев)

1:6 - 25:22 - Гончаров (Миргалиев, Бабинцев) ГБ

2:6 - 26:05 - Банько (Кнауб, Гусейнов) ГБ

2:7 - 28:21 - Злобин (Недилько, Ананичев)

2:8 - 31:05 - Ананичев Ал. (Голощапов, Злобин)

2:9 - 39:54 - Недилько (Ананичев Ар., Голощапов)

3:9 - 56:48 - Евлоев (Ямалов, Банько) ГБ

Қақпашылар: Орлов (Нечвиенко, 14:35-60:00) - Каратаев (Валентюкевич, 39:54-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.