Торпедо Александр Шинды Арланға қарсы ойындағы жеңіспен шығарып салды, Номад Атыраудан екі балмен қайтты

10 qazan
455

Бейсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матч жоспарланды.

«Торпедо» Александр Шиннің қоштасу матчында «Арланнан» жеңісті жұлып әкетті. Финалдық ысқырыққа 100 секунд қалғанда шешуші голды Ян Тютюньков салды. Алаң иелерінің қақпашысы Владислав Пестов қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді. Чемпионат басталғалы бергі сегіз жеңістен кейін өскемендіктер турнир кестесінде бірінші орында тұр.

«Торпедо» - «Арлан» 3:2 (1:0, 1:1, 1:1)

1:0 - 14:20 - Панченко (Тютюньков) ГБ

1:1 - 21:17 - Никулин (Железнов) ГБ

2:1 - 30:02 - Лагунов (Зубов, Акмальдинов) ГБ

2:2 - 49:44 - Буйван (Никулин, Волков)

3:2 - 58:20 - Тютюньков (Кляузов, Шапорев)

Қақпашылар: Пестов - Кудрявцев

«Құлагер» Павлодардағы бірінші матчта «Ертісті» тырп еткізбеді. Александр Ананичев дубль жасады, оның бауыры Артём екі нәтижелі пас берді. Денис Каратаев өз есебіне 25 сейв жазды. Осылайша, петропавлдықтар бес матчқа созылған сәтсіздіктер сериясын үзді.

«Ертіс» - «Құлагер» 1:5 (0:1, 0:2, 1:2)

0:1 - 10:04 - Дерзаев (Своеволин, Рыжий)

0:2 - 22:51 - Своеволин (Меньщиков)

0:3 - 39:24 - Злобин (Ананичев Ар., Недилько)

0:4 - 42:37 – Ананичев Ал. (Злобин, Недилько)

1:4 - 49:59 - Билимбаев (Гусейнов, Нурлан)

1:5 - 59:01 – Ананичев Ал. (Ананичев Ар., Голощапов) ГБ

Қақпашылар: Нечвиенко - Каратаев (Валентюкевич, 59:01-60:00)

«Номад» Атырауда төрт балл иемденді. Бүгін «көшпенділерге» Андрей Рунов пен Михаил Рахмановтың орындауындағы дөп соққылар, сонымен қатар Роман Калмыковтың 33 сейві жеңіс әкелді. «Бейбарыс» қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады және әзірге кубоктік сегіздіктен тыс қалып отыр.

«Бейбарыс» - «Номад» 1:2 (0:1, 1:0, 0:1)

0:1 - 05:58 - Рунов (Носов)

1:1 - 21:57 - Федоров (Каргин, Гатин)

1:2 - 57:34 - Рахманов (Бутенко)

Қақпашылар: Шефер - Калмыков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.