Номад Бейбарыстан басым түсті, Сарыарқа мен Горняк ойынды негізгі уақыттан тыс аяқтады

9 qazan
418

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.

«Номад» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Бейбарысты»» сенімді түрде жеңді. Нәтижелілік үшін екі балды Данил Бутенко (1+1), Олег Бойко (1+1) мен Михаил Рахманов (0+2) жинады. Осы жетістігінен кейін «көшпенділер» турнир кестесінде бесінші орынға бекіді.

«Бейбарыс» - «Номад» 1:4 (0:3, 1:0, 0:1)

0:1 - 02:55 - Бойко

0:2 - 08:11 - Колобов (Бойко, Александров)

0:3 - 09:04 - Бутенко (Шайхмедденов, Рахманов) ГБ

1:3 - 39:40 - Гатин (Асуханов, Гасников)

1:4 - 47:09 - Логвин (Бутенко, Рахманов)

Қақпашылар: Кузнецов - Калмыков

«Сарыарқа» мен «Горняк» тағы да жеңімпазды негізгі уақытта анықтай алмады. Бүгін жеңімпаз буллиттер сериясында ғана анықталды. Қарағандылықтарға екі балды Тимур Шингареевтің дөп соққысы сыйлады. Алаң иелерінің қақпашысы Жәкен Ибрагимовтің есебінде 32 сейв бар.

«Сарыарқа» - «Горняк» 2:1 Б (0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 1:0)

0:0 - 03:50 – Борисевич ШБ

0:1 - 17:14 - Тесленко (Власкин, Платонов) ГБ

1:1 - 28:31 - Пелевин (Зайцев, Борисевич)

2:1 - 65:00 – Шингареев ПБ

Қақпашылар: Микушин - Нурек (Байдек, 65:00-65:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.