Қарағандыдағы овертайм

8 qazan
638

Pro Hokei Ligasy ойын күнінің жалғыз матчы Қарағандыда өтті.

«Сарыарқа» және «Горняк» арасындағы алғашқы матчтың тағдыры овертаймның аяқталуына сәл қалғанда шешілді. Негізгі уақытта қарсыластар Валерий Гурин мен Тимур Шингареевтің орындауындағы голдармен алмасты. Ал қосымша бес минуттың соңына 21 секунд қалғанда Артём Валеев қарағандылықтарға екі балл әкелді. Алаң иелерінің қақпашысы Жәкен Ибрагимов қақпаға бағытталған 32 соққыға тойтарыс берді.

«Сарыарқа» - «Горняк» 2:1 ОТ (1:1, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 10:01 - Гурин (Юлбарисов)

1:1 - 11:27 - Шингареев (Стулов)

2:1 - 64:39 - Валеев (Верещагин)

Қақпашылар: Ибрагимов - Нурек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.