Торпедо бірінші орынға шықты, Ертіс Арланды сенсациямен жеңді, Алматы Хумодан қарымта қайтарды

7 qazan
768

Pro Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы ойынын жалғастыруда.

«Торпедо» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Құлагермен» екінші ойында сенімді түрде жеңіске жетті. Қызықты жайт – петропавлдық ойыншылар кездесу барысында екі рет айып соққысын жүзеге асырмады. Алаң иелері үшін жеңіс шайбасының авторы – Ян Тютюньков. Осы жеңісінен және «Арланның» Павлодардағы сәтсіздігінен кейін Андрей Корабейниковтің ойыншылары турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

«Торпедо» - «Құлагер» 6:3 (3:0, 1:2, 2:1)

1:0 - 06:06 - Рифель

2:0 - 13:11 - Кляузов (Шапорев)

3:0 - 17:27 - Александров (Пархоменко, Акмальдинов) ГБ

3:1 - 21:18 - Ананичев (Злобин, Недилько)

4:1 - 23:47 - Тютюньков (Гавриленко, Рифель)

4:1 - 28:32 - Ананичев ШБ

4:1 - 31:50 - Злобин ШБ

4:2 - 33:56 - Недилько (Ананичев) ГБ

5:2 - 52:13 - Рысбеков (Каиров)

5:3 - 52:39 - Гончаров (Своеволин)

6:3 - 56:37 - Зубов (Александров)

Қақпашылар: Янков - Каратаев

«Ертіс» «Арланнан» күтпеген жерден қарымта қайтарды. Павлодарлықтар үшін бұл ағымдағы чемпионаттағы алғашқы жеңіс болды. Шешуші соққының авторы – финалдық ысқырыққа 71 секунд қалғанда көзге түскен Арслан Ямалов (матчта 1+2). Алаң иелерінің қақпашысы Вячеслав Нечвиенко қақпаға бағытталған 36 соққыға тойтарыс берді.

«Ертіс» - «Арлан» 3:2 (1:1, 1:0, 1:1)

0:1 - 14:27 - Боровков (Железнов) ГБ

1:1 - 17:08 - Абдрашитов (Ямалов) ГБ

2:1 - 19:14 - Кнауб (Ямалов) ГБ

2:2 - 44:21 - Парамонов (Санников, Архипов) ГБ

3:2 - 58:49 - Ямалов (Маслов)

Қақпашылар: Нечвиенко - Габдуллин

Антон Осокиннің керемет ойыны «Алматыға» «Хумодан» қарымта қайтаруға көмектесті. Оңтүстік астаналық ұжымның голкипері қақпаға бағытталған 44 соққыға тойтарыс берді, ал алаң ойыншылары оған бес нәтижелі соққымен көмектесті. Дубль Владислав Туниктің есебінде. Егор Анисимов пен Егор Кожевников екі пастан берді. Осылайша, Александр Нестеровтің ойыншылары ағымдағы чемпионатта алғаш рет негізгі уақытта жеңіске жетті және плей-офф аймағынан алшақтықты бір балға дейін қысқартты.

«Алматы» - «Хумо» 5:2 (1:0, 2:1, 2:1)

1:0 - 10:54 - Хоменко

1:1 - 22:55 - Мальцев (Асташевич, Карабань)

2:1 - 24:52 - Туник (Кожевников, Анисимов) ГБ

3:1 - 26:23 - Давыдов (Карамнов, Бурделёв)

3:2 - 46:29 - Гренц (Асташевич, Габрусь)

4:2 - 54:50 - Тунхузин (Машинец)

5:2 - 55:50 - Туник (Анисимов, Кожевников)

Қақпашылар: Осокин - Фомин (Климахин, 26:23-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.