Арлан мен Торпедо өздерінің жеңіс сериясын ұзартты, Хумо түзде Алматыны жеңді

6 qazan
379

Хоккейден Қазақстан чемпионаты кішігірім үзілістен кейін өз жұмысын жалғастырады.

Қазіргі ел чемпионы түздегі серияны «Ертіске» қарсы ойындағы сенімді жеңіспен бастады. Павлодардағы кездесудің негізгі сәттері бастапқы кезеңде орын алды: «Арлан» қарсыласты төрт рет састырды. Өз командасының үш нәтижелі шабуылына Данил Парамонов атсалысты. Владимир Маркеловтың командасы үшін бұл жеңіс чемпионат басталғалы бергі қатарынан жетінші жеңіс болды.

«Ертіс» - «Арлан» 2:5 (1:4, 1:0, 0:1)

0:1 - 02:48 - Парамонов (Архипов) ГБ

0:2 - 05:38 - Боровков (Никулин, Буйван)

1:2 - 06:45 - Ямалов (Абдрашитов, Кнауб)

1:3 - 08:00 - Парамонов (Архипов, Санников) ГБ

1:4 - 17:08 - Пиниди (Преснов, Хорошев)

2:4 - 37:27 - Билимбаев (Банько)

2:5 - 53:54 - Санников (Преснов, Парамонов)

Қақпашылар: Захаров - Габдуллин

Өскемендіктер өз алаңында «Құлагерді» жеңіп, қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жектің басты қаһармандары – алаң иелерінің қорғаушысы Владимир Гребенщиков (1+2) пен 25 сейв жасаған қақпашы Андрей Янков. Петропавлдықтар үшін бұл қатарынан төртінші жеңіліс болып отыр.

«Торпедо» - «Құлагер» 4:1 (1:1, 1:0, 2:0)

0:1 - 03:58 - Недилько (Своеволин, Меньщиков)

1:1 - 13:28 - Гребенщиков (Кляузов, Шапорев)

2:1 - 22:37 - Рифель (Гребенщиков, Базанов)

3:1 - 46:31 - Пархоменко (Зубов)

4:1 - 57:15 - Лагунов (Пархоменко, Гребенщиков) ГБ

Қақпашылар: Янков - Каратаев

«Хумо» оңтүстік астанада «Алматыны» жеңді. Алаң иелері ташкенттіктердің қақпасына 29 соққы жасады, алайда олардың біреуі ғана Константин Козловскийден өтіп, қақпаға түсті. Александр Шевченко гол салып, нәтижелі пас берді. Александр Нестеровтің ойыншылары чемпионат басталғалы бері бес ойынның төртеуінде жеңіліске ұшырап, әзірге плей-офф аймағынан үш балға артта қалып отыр.

«Алматы» - «Хумо» 1:4 (0:2, 1:0, 0:2)

0:1 - 00:31 - Боровиков (Шевченко)

0:2 - 09:40 - Кравченко (Малышев)

1:2 - 35:43 - Данилкин (Штефан, Гафаров)

1:3 - 41:50 - Габрусь (Карабань) ГМ

1:4 - 43:15 - Шевченко (Синявский)

Қақпашылар: Портер - Козловский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.