Торпедо екінші орынға шықты, Ақтөбе Рудныйда қарымта қайтарды

29 qyrkúıek
786

Қазақстан чемпионатының ойын аптасы екі ойынмен аяқталды.

«Торпедо» чемпионат басталғалы алты матчтың бесеуінде жеңіске жетті, соның арқасында өскемендіктер лиганың турнир кестесінде екінші орынға шықты. Бүгін Андрей Корабейниковтің ойыншылары «Ертістегі» көршілерін жеңді. Аристарх Фальковский дубль жасады.

«Торпедо» - «Ертіс» 7:1 (2:1, 3:0, 2:0)

1:0 - 03:36 - Фальковский (Шапорев)

2:0 - 12:16 - Рифель (Базанов, Тютюньков)

2:1 - 14:07 - Жабунин (Нұрлан, Данилов)

3:1 - 25:21 - Акмальдинов (Зубов) ГБ

4:1 - 30:45 - Фальковский (Тютюньков) ГБ

5:1 - 35:10 - Тютюньков (Гавриленко)

6:1 - 52:44 - Лагунов (Пархоменко, Зубов) ГБ

7:1 - 54:50 - Рысбеков (Лагунов, Громов)

Қақпашылар: Янков (Эрштейн, 40:00-60:00) - Нечвиенко (Захаров, 40:00-60:00)

«Ақтөбе» Рудныйда қарымта қайтарды. Екінші кездесу де негізгі ойын уақытынан тыс аяқталды. Қонақтарға Егор Дорофеевтің орындауындағы дубль, сондай-ақ Александр Скрынниктің 27 сейві жеңіс әкелді.

«Горняк» - «Ақтөбе» 1:2 ОТ (0:1, 0:0, 1:0, 0:1)

0:1 - 03:15 - Дорофеев (Беспрозванных)

1:1 - 47:49 - Барабаш (Гурин, Кротов)

1:2 - 62:21 - Дорофеев (Сошников, Беспрозванных)

Қақпашылар: Нурек - Скрынник


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.