Колобовтың төрт ұпайы Номадқа Хумоға қарсы ойында жеңіс сыйлады, Сарыарқа қатарынан төртінші матчын жеңді

27 qyrkúıek
284

Қазақстан чемпионатында жұмыс аптасы екі матчпен аяқталады.

«Номад» «Хумодан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Бірінші кезеңде-ақ Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары қарсыласты үш рет састырып, әрі қарай қорғаныста мығым ойнады. Кездесудің басты қаһарманы Никита Колобов (2+2) болды. «Көшпенділердің» форварды өз командасының бес нәтижелі шабуылының тьөртеуіне қатысты. Роман Калмыков қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді. Осы жетістігінен кейін елордалық ұжым турнир кестесінде үшінші қатарға шықты.

«Номад» - «Хумо» 5:1 (3:0, 1:0, 1:1)

1:0 - 02:58 - Колобов (Бутенко, Никитин)

2:0 - 08:51 - Колобов (Асетов, Бойко)

3:0 - 12:14 - Никитин (Колобов, Рунов) ГБ

4:0 - 28:47 - Рунов (Коченевский, Носов)

4:1 - 49:49 - Буяльский ГМ

5:1 - 50:32 - Рунов (Никитин, Колобов) ГБ

Қақпашылар: Калмыков - Фомин (Климахин, 53:25-60:00)

«Сарыарқа» қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. Қарағандылықтарға «Құлагермен» түздегі текетіресте Егор Наместников пен Тимур Шингареевтің дөп соққылары, сондай-ақ қақпашы Жакен Ибрагимовтің орындауындағы 39 сейв жеңіс әкелді. Бес ойыннан кейін сегіз балл жинаған Владимир Князевтің ойыншылары чемпионатта екінші орынды иеленіп отыр.

«Құлагер» - «Сарыарқа» 1:2 (0:1, 1:0, 0:1)

0:1 - 09:27 - Наместников (Коннов, Королинский)

1:1 - 37:26 - Злобин (Рыжий)

1:2 - 50:01 - Шингареев (Валеев) ГБ

Қақпашылар: Каратаев - Ибрагимов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.