Номад пен Хумоның ойыны негізгі уақытқа сыймады

26 qyrkúıek
226

Pro Hokei Ligasy ойын күнінің жалғыз матчы елордада өтті.

Узақ уақыт бойы Егор Буяльскийдің екінші кезеңнің басында салған шайбасы ойындағы жалғыз шайба болды. Алайда соңғы кезеңнің ортасына қарай тәжірибелі Михаил Рахманов есеп теңестіріп, ойынды овертаймға айналдырды. Алайда қосымша бес минутта ташкенттіктер өз дегеніне жетті. Жеңіс соққысының авторы – Павел Синявский. Қонақтардың қақпашысы Леонид Фомин қақпаға бағытталған 16 соққыға тойтарыс берді.

«Номад» - «Хумо» 1:2 ОТ (0:0, 0:1, 1:0, 0:1)

0:1 - 23:17 - Буяльский (Шевченко, Синявский)

1:1 - 50:40 - Рахманов (Логвин)

1:2 - 61:36 - Синявский (Хисамутдинов, Саврицкий)

Қақпашылар: Калмыков - Фомин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.