Арлан Бейбарыстан қарымта қайтарды, Хумо матчт соңында жанкештілік көрсетіп, маусымдағы алғашқы матчын жеңді

24 qyrkúıek
268

Cейсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч жоспарланған.

«Арлан» «Бейбарыспен» екінші ойында әрбір кезеңде шайба салып, сенімді түрде қарымта қайтарды. Нәтижелілік үшін Владислав Никулин (1+1) мен Владимир Волков (0+2) екі балдан иемденді. Тимур Мейдер қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді. Көкшетаулықтар чемпионаттың аралық көшбасшысы орнын сақтап қалды.

«Арлан» - «Бейбарыс» 4:1 (1:0, 1:0, 2:1)

1:0 - 02:00 - Пиниди (Тарасенко, Гопиенко)

2:0 - 24:11 - Никулин (Железнов, Волков) ГБ

2:1 - 49:59 - Клочков (Свинцицкий)

3:1 - 55:35 - Санников (Никулин, Волков)

4:1 - 56:23 - Карпов (Архипов) ГБ

Қақпашылар: Мейдер - Шефер

«Құлагер» «Хумоға» қарсы үйдегі екінші ойынында жеңуге жақын болды, алайда кездесудің соңында петропавлдықтарды тәртіп сүріндірді. Қонақтар екі рет артық құрам ұйымдастырып, ойын барысын бұрып жіберді. Осылайша, жаңа басталған чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Жеңіс шайбасының авторы – Станислав Боровиков, Вадим Кравченко мен Дмитрий Гренц командаластарына үш реттен пас берді.

«Құлагер» - «Хумо» 2:4 (1:0, 1:0, 0:4)

1:0 - 08:16 - Казаченко (Миргалиев)

2:0 - 21:11 - Ананичев (Меньщиков)

2:1 - 47:50 - Жилов (Кравченко, Хисамутдинов)

2:2 - 50:20 - Синявский (Кравченко, Гренц) ГБ

2:3 - 55:16 - Боровиков (Кравченко, Гренц) ГБ

2:4 - 59:07 - Лихотников (Гренц, Карабань) ПВ

Қақпашылар: Каратаев - Козловский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.