Көкшетау мен Қарағандыда хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті матчтары өтті.
«Арлан» «Бейбарыспен» үйдегі алғашқы текетіресте үшінші кезеңін сәтті өткізіп, негізгі уақыттағы жеңілістен құтылды. Алайда овертаймның аяқталуына сәл қалғанда атыраулықтар өз дегеніне жетті және үш матчқа ссозылған жеңілістер сериясын үздік. Шешуші соққының авторы – бүгін нәтижелілік үшін 3 (1+2) балл жинаған Алексей Клочков.
«Арлан» - «Бейбарыс» 3:4 ОТ (1:1, 0:2, 2:0, 0:1)
0:1 - 16:26 - Яковлев (Федоров)
1:1 - 17:55 - Парамонов (Архипов)
1:2 - 20:33 - Мурзин (Клочков)
1:3 - 24:24 - Клещенко (Клочков, Мурзин)
2:3 - 48:58 - Буйван (Боровков, Железнов)
3:3 - 49:34 - Хорошев (Парамонов)
3:4 - 64:13 - Клочков (Мурзин) ГБ
Қақпашылар: Кудрявцев - Шефер
«Сарыарқа» мен «Номадтың» екінші текетіресі қарағандылық ұжымның бақылауымен өтті. Алаң иелері бірінші кезеңде қарсыласты төрт рет састырып, керек есеп алшақтығын финалдық ысқырыққа дейін сақтап қала білді. Глеб Зайцев пен Александр Борисевичтің есебінде екі голдан бар. Осы жетістігінен кейін Владимир Князевтің ойыншылары турнир кестесінде төртінші орынға шықты.
«Сарыарқа» - «Номад» 5:2 (4:1, 1:1, 0:0)
1:0 - 02:01 - Зайцев (Валеев, Шингареев) ГБ
2:0 - 02:44 - Коннов (Баженов)
2:1 - 05:14 - Логвин (Данияр, Рахманов) ГБ
3:1 - 11:21 - Зайцев (Валеев, Борисевич) ГБ
4:1 - 16:16 - Борисевич (Шингареев, Дёмин)
4:2 - 28:55 - Данияр (Макеев, Двуреченский)
5:2 - 34:40 - Борисевич (Кузьменко, Капотов) ГМ
Қақпашылар: Ибрагимов - Калмыков
«Құлагер» мен «Хумоның» алғашқы кездесуінде матчтың тағдырын бір дөп соққы шешті. Бірінші кезеңнің аяқталуына 53 секунд қалғанда Антон Злобин артық құрам ұйымдастырып, осылайша петропавлдықтарға жеңіс сыйлады. Жекпе-жектің тағы бір қаһарманы – қақпаға бағытталған 45 соққыға тойтарыс берген алаң иелерінің қақпашысы Денис Каратаев. Осылайша, ташкенттіктер маусымның алғашқы ойынында минималды есеппен жеңіліске ұшырады.
«Құлагер» - «Хумо» 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)
1:0 - 19:07 - Злобин (Меньщиков, Жульдиков) ГБ
Қақпашылар: Каратаев - Фомин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.