Сарыарқа овертаймда Номадты жеңді

22 qyrkúıek
115

Хоккейден Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы Қарағандыда өтті.

«Сарыарқа» мен «Номадтың» кездесуі тартысты өтті. Екі ұжым кезек-кезек алға шығып отырды. Нәтижесінде командалар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Ал овертаймда алаң иелеріне жеңісті Дмитрий Стуловтың дөп соққысы әкелді. Артём Валеев (1+1) «Сарыарқаның» екі нәтижелі шабуылына қатысты. Осы нәтижесінің арқасында Владимир Князевтің ойыншылары турнир кестесінде алтыншы қатарға шықты.

«Сарыарқа» - «Номад» 5:4 ОТ (1:0, 1:3, 2:1, 1:0)

1:0 - 11:53 - Зайцев (Пелевин, Капотов)

1:1 - 25:17 - Двуреченский

2:1 - 34:26 - Королинский (Верещагин, Дёмин) ГБ

2:2 - 38:09 - Колесников (Рунов) ГБ

2:3 - 39:16 - Касенов (Никитин)

3:3 - 47:41 - Валеев (Кузьменко, Зайцев)

3:4 - 52:52 - Логвин (Бутенко) ГМ

4:4 - 53:34 - Шингареев (Валеев) ГБ

5:4 - 63:27 - Стулов (Коннов)

Қақпашылар: Ибрагимов - Калмыков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.