Ақтөбе Ертістен жеңісті жұлып әкетті, Торпедо Горняктан қарымта қайтарды

20 qyrkúıek
291

Жұма күні хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Ертіс» бүгін биылғы маусымдағы алғашқы ұпайларын иеленуге жақын болды. Алайда кездесудің соңында «Ақтөбе» негізгі уақытта жеңісті жұлып әкетті – финалдық ысқырыққа 34 секунд қалғанда Егор Дорофеев артық құрам ұйымдастырды. Алаң иелерінің үш нәтижелі шабуылына Никита Потапов (1+2) қатысты. Дәл осындай нәтижеге «Ертіс» командасынан Иван Банько жетті.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 5:4 (2:2, 2:2, 1:0)

0:1 - 08:51 - Твердохлебов (Гусейнов, Билимбаев)

1:1 - 11:58 - Беляев (Дорофеев, Горожанинов)

2:1 - 16:04 - Потапов (Ищенко, Гайсин) ГБ

2:2 - 17:26 - Абдрашитов (Константинов, Банько)

2:3 - 25:44 - Банько (Константинов, Данилов)

3:3 - 30:32 - Попитич (Исмагилов, Воробьев)

3:4 - 33:55 - Билимбаев (Банько, Абдрашитов) ГБ

4:4 - 37:06 - Митряков (Комаров, Потапов)

5:4 - 59:26 - Дорофеев (Потапов, Арбузов) ГБ

Қақпашылар: Ершов - Нечвиенко

«Торпедо» Рудныйдағы екінші ойында сенімді түрде қарымта қайтарды. Өскемендіктерге екінші кезеңнің басында қысқа уақыт ішінде екі рет артық құрам ұйымдастырған Александр Акмальдиновтың дублі жеңіс әкелді. Қонақтардың қақпашысы Владислав Пестов қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді. Осы турдың қорытындысы бойынша «Горняк» пен «Торпедоның» есебінде алты балдан бар, бұл қос командаға лига көшбасшыларының үштігіне енуге мүмкіндік береді.

«Горняк» - «Торпедо» 1:4 (0:1, 0:2, 1:1)

0:1 - 17:08 - Быков (Гавриленко, Лагунов)

0:2 - 21:45 - Акмальдинов (Александров, Зубов) ГБ

0:3 - 24:43 - Акмальдинов (Александров, Зубов) ГБ

1:3 - 48:32 - Барабаш (Куршук, Гурин) ГБ

1:4 - 59:42 - Тютюньков (Громов, Алдабергенов)

Қақпашылар: Нурек - Пестов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.