Горняк пен Арлан шығынсыз келе жатыр

19 qyrkúıek
246

Көкшетау мен Рудныйда Pro Ligasy-ның кезекті матчтары өтті.

«Алматы» қазіргі ел чемпионының жеңіс шеруін тоқтата алмады. Көкшетаудағы екінші матч та алаң иелерінің пайдасына шешілді, көкшеліктер әзірге бір де бір рет жеңіліске ұшырамады. «Арлан» құрамынан Владислав Никулин дубль жасады. «Көкшеліктердің» қақпашысы Тимур Мейдер маусымдағы алғашқы ойынында қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді.

«Арлан» - «Алматы» 6:3 (2:1, 1:0, 3:2)

1:0 - 04:25 - Санников (Буйван, Парамонов)

2:0 - 06:49 - Гопиенко (Хорошев, Парамонов) ГБ

2:1 - 10:30 - Карамнов (Кожевников, Бурделёв)

3:1 - 25:17 - Михайлов (Боровков, Волков) ГБ

4:1 - 40:26 - Волков (Железнов, Никулин)

5:1 - 53:12 - Никулин (Боровков)

5:2 - 53:44 - Туник (Хоменко, Анисимов)

5:3 - 54:45 - Баев (Ырыс)

6:3 - 58:09 - Никулин ПВ

Қақпашылар: Мейдер – Колесников

Өзінің жеңіс шеруін «Горняк» та жалғастырды, үйдегі матчта «Торпедоны» жеңді. Бұл жекпе-жекте үшінші кезең шешуші болып, рудныйлықтар қарсыласты Оскар Юлбарисов (1+1) пен Александр Куршуктың (1+1) күшімен екі рет састырды. Екі нәтижелі пас Данила Барабаштың есебінде. Алаң иелерінің қақпашысы Владилав Нурек өз есебіне 27 сейв жазды.

«Горняк» - «Торпедо» 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)

0:1 - 24:08 - Пархоменко (Зубов, Скутар)

1:1 - 30:45 - Платонов (Ханьжин)

2:1 - 43:46 - Юлбарисов (Куршук, Барабаш)

3:1 - 58:27 - Куршук (Юлбарисов, Барабаш)

Қақпашылар: Нурек - Янков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.