Номад чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, Арлан қатарынан үшінші матчты жеңді

18 qyrkúıek
448

Сәрсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Арлан» өзінің жеңіс шеруін жалғастыруда. Чемпионат басталғалы бері Владимир Маркеловтың ойыншылары қатарынан үшінші жеңіске қол жеткізді. Бүгін көкшетаулықтарға екпінді екінші кезең жеңіс әкелді. Жеңіс шайбасын Фёдор Хорошев салды, Владимир Волков командаластарына үш рет пас берді.

«Арлан» - «Алматы» 5:2 (0:1, 3:0, 2:1)

0:1 - 09:03 - Кожевников

1:1 - 23:07 - Михайлов (Никулин, Волков) ГБ

2:1 - 30:30 - Пиниди (Тарасенко)

3:1 - 31:24 - Хорошев (Волков)

4:1 - 45:56 - Парамонов (Хорошев) ГБ

4:2 - 56:01 - Бурделёв (Тунхузин)

5:2 - 58:47 - Никулин (Боровков, Волков)

Қақпашылар: Кудрявцев - Осокин

«Номад» ойыншылары Көкшетауға жасалған сәтсіз сапардан кейін бүгін төрт нәтижелі шабуыл жасады. Және мұнысы маусымның алғашқы үй матчында жеңіс үшін жеткілікті болды. «Көшпенділердің» жаңа ойыншысы Матвей Носов дубль жасады, Данил Бутенко мен Олег Бойко бір реттен гол салды. Михаил Рахманов екі рет нәтижелі пас берді. Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары үшін бұл жеңіс жақында басталған чемпионаттағы алғашқысы болды.

«Номад» - «Бейбарыс» 4:2 (2:0, 0:2, 2:0)

1:0 - 03:44 - Бутенко (Рахманов, Никитин) ГБ

2:0 - 14:07 - Носов (Колесников, Зеленин)

2:1 - 32:14 - Асуханов (Федоров, Ямалов)

2:2 - 33:00 - Свинцицкий (Клочков, Мурзин)

3:2 - 48:38 - Носов (Сулейменов, Рунов)

4:2 - 59:40 - Бойко (Рахманов, Логвин) ПВ

Қақпашылар: Калмыков - Шефер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.