Қазақстан чемпионатының алғашқы аптасының үздік ойыншысы атанған «Арлан» қақпашысы Сергей Кудрявцев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында көкшетаулық ұжымның маусым басындағы ойынына баға берді.
Қазақстан чемпионатының алғашқы аптасының үздік ойыншысы атанған «Арлан» қақпашысы Сергей Кудрявцев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында көкшетаулық ұжымның маусым басындағы ойынына баға берді.
- Сергей, апта ойыншысы атағымен құттықтаймыз! Маусым команда үшін, жеке өзің үшін қалай басталды?
- Көп рақмет! Бастапқы матчтарда тұтас командамен жақсы ойнадық деп ойлаймын, алайда әлі де жұмыстанатын, жақсартатын тұстар бар.
- Сен «Номадқа» қарсы екі матчта соққылардың 95,9%-ына тойтарыс бердің. Табыстың кілті неде?
- Мұнда команданың еңбегі зор: жігіттер қорғаныста жақсы ойнады, қауіпті тұстарды барынша азайтуға тырысты, көптеген соққыларды бұғаттады. Айтпағым, екі ойын – әлі де табыстың көрсеткіші емес. Күн сайын еңбектенуіміз керек, әр ойын сайын төселе түсуіміз керек.
- «Номадпен» матчтардағы ең күрделі сәт қандай болды?
- Бірінші матчтың екінші кезеңі. Кідіріс көп болды, кезең сағатқа жуықтады. Сондықтан мен өз-өзімді бабымда ұстауға тырыстым, сырғанадым, қақпадағы кейбір сәттерді жаттықтық.
- Алда «Бейбарыспен» және «Алматымен» үйдегі матчтар сериясы тұр. Команда келесі кездесулерге қалай дайындалып жатыр?
- Бізде барлығы жоспар бойынша: жаттығамыз, матчтарға дайындаламыз, бапкерлер штабы видеоны көрсетеді, ойынның қай тұсын жақсарту керектігін түсіндіреді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.