Құлагер мен Сарыарқаның қарымталары, Арлан турнир кестесінің көшін бастады

15 qyrkúıek
228

Хоккейден Қазақстан чемпионаты екпін ала бастады.

«Номад» Көкшетауда ұпай жинай алмады. «Арлан» «көшпенділермен» екінші жекпе-жекте де жеңіске жетті, ал қонақтар тағы да бір шайбадан артық сала алмады. «Көкшеліктер» құрамынан өздерінің сұрмергендік есептерін Андрей Кураков, Дмитрий Архипов және қарсыластың бос қақпасын финалдық ысқырыққа үш секунд қалғанда алған Владимир Боровков толтырды. Сергей Кудрявцев қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді. Елордалық ұжым құрамынан артық құраммен Матвей Носов шайба салды.

«Арлан» - «Номад» 3:1 (1:0, 1:1, 1:0)

1:0 - 08:59 - Кураков (Борисов, Преснов)

1:1 - 20:33 - Носов (Колесников, Рунов) ГБ

2:1 - 20:48 - Архипов (Санников)

3:1 - 59:57 – Боровков ПВ

Қақпашылар: Кудрявцев - Дубинскас

«Құлагер» «Алматымен» екінші текетіресте қарымта қайтарды. Кездесу айтарлықтай нәтижелі болды және соңғы кезеңге дейін үстемдікті командалардың біріне беру қиын болды. Матч соңына петропавлдықтар шаршамай жетті. Өз командасының үш нәтижелі шабуылына Александр Ананичев (1+2) атсалысты, гол мен нәтижелі пас «Құлагердің» жаңа ойыншысы Денис Недильконың есебінде.

«Құлагер» - «Алматы» 6:3 (3:2, 1:1, 2:0)

1:0 - 01:39 - Жульдиков (Ананичев, Жульдиков)

2:0 - 03:47 - Бабинцев (Рыжий, Гловацкий)

2:1 - 07:38 - Анисимов (Тунхузин)

3:1 - 08:33 - Коваленко (Анисимов)

3:2 - 15:47 - Бурделёв

3:3 - 24:09 - Туник (Анисимов)

4:3 - 26:14 - Ананичев (Недилько)

5:3 - 40:32 - Недилько (Ананичев, Злобин) ГБ

6:3 - 58:15 - Миргалиев (Ананичев, Ананичев) ПВ

Қақпашылар: Каратаев - Портер (Осокин, 09:39-34:59, 35:08-60:00)

«Сарыарқа» да кешегі жеңіліс үшін «Бейбарыстан» қарымта қайтарды. Ойында бірінші кезең шешуші болып, қарағандылықтар қонақтарды екі рет састырды. Қуантарлығы, Владимир Князевтің ойыншылары барлық ойын жағдайларында (артақ, тең және кем құраммен) гол салып, айып соққысын жүзеге асырды. Жеңіс шайбасының авторы – Егор Кузьменко. Жәкен Ибрагимов өз есебіне 32 сейв жазды.

«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 4:2 (2:0, 1:1, 1:1)

1:0 - 06:14 - Верещагин (Кузьменко, Баженов) ГБ

2:0 - 16:12 - Стулов (Верещагин)

2:1 - 22:00 - Клочков (Мурзин, Макаревич) ГБ

3:1 - 26:22 - Кузьменко (Борисевич) ГМ

3:2 - 46:00 - Макаревич

4:2 - 54:33 - Зайцев ШБ

Қақпашылар: Ибрагимов - Шефер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.