Торпедо Ақтөбені «құрғақ» жеңді, Горняк Ертісті ойсырата жеңді

15 qyrkúıek
251

Ақтөбе мен Рудныйда Pro Ligasy тұрақты чемпионатындағы өз ойынын тағы төрт ұжым бастады.

«Ақтөбе» чемпионаттың бірінші ойынында «Торпедоның» қақпасын ала алмады. Өскемендіктерге Александр Панченко мен кем құраммен көзге түскен Андрей Лагуновтың дөп соққылары түзде табыс әкелді. Қонақтар екі голды да бірінші және екінші кезеңнің соңында салды. Андрей Янков қақпаға бағытталған 43 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 0:2 (0:1, 0:1, 0:0)

0:1 - 18:06 - Панченко (Архипов, Лагунов)

0:2 - 38:15 - Лагунов (Александров) ГМ

Қақпашылар: Ершов - Янков

Жақында аяқталған Қазақстан кубогінің финалисі «Горняк» чемпионатты үйдегі «Ертіске» қарсы ойындағы сенімді жеңіспен бастады. Соңғы кезеңнің басына қарай рудныйлықтар бес шайба үстемдікпен алда келе жатты және бұл алшақтық финалдық ысқырыққа дейін үдей түсті. Алексей Власкин, Руслан Абдуллаев пен Данила Платонов дубль жасады, Валерий Гурин командаластарына төрт рет пас берді.

«Горняк» - «Ертіс» 12:2 (1:0, 5:1, 6:1)

0:1 - 10:42 - Юлбарисов (Куршук, Барабаш)

0:2 - 22:02 - Власкин ГБ

0:3 - 23:48 - Барабаш (Гурин)

0:4 - 29:40 - Ляпунов (Гурин, Лазарев)

0:5 - 34:22 - Власкин (Гурин, Юлбарисов)

0:6 - 36:14 - Абдуллаев (Поляничев, Байдек)

1:6 - 39:44 - Нұрлан (Билимбаев)

1:7 - 42:26 - Тесленко (Абдуллаев, Власкин)

2:7 - 45:12 - Банько (Гусейнов, Константинов)

2:8 - 45:58 - Абдуллаев (Поляничев, Тесленко)

2:9 - 50:55 - Платонов (Гурин, Ханьжин) ГБ

2:10 - 52:44 - Поляничев (Власкин, Тесленко)

2:11 - 56:09 - Катков (Абдуллаев, Ляпунов) ГМ

2:12 - 57:47 - Платонов ГМ

Қақпашылар: Тихонов (Байдек, 28:48-60:00) - Орлов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.