Алматы мен Бейбарыс чемпионатты жеңістен бастады

14 qyrkúıek
453

Бүгін Қазақстанның үш қаласында Pro Hokei Ligasy-ның жаңа маусымының бастапқы матчтары өтті.

«Құлагер» мен «Алматының» алғашқы текетіресінде командаларға жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Петропавлдықтар негізгі уақыттағы жеңілістен финалдық ысқырыққа үш жарым минут қалғанда гол салған Никита Голощаповтың көмегімен құтылды. Алайда овертаймда оңтүстік астаналық команда өз дегеніне жетті. Тәжірибелі Артём Бурделёв «Алматыға» басталған чемпионаттағы алғашқы жеңісті сыйлады.

«Құлагер» - «Алматы» 2:3 ОТ (1:1, 0:1, 1:0, 0:1)

1:0 - 11:20 - Казаченко (Дерзаев, Анисимов)

1:1 - 15:48 - Хоменко (Тунхузин, Машинец) ГБ

1:2 - 24:21 - Кожевников (Фатыхов, Андрусенко)

2:2 - 56:35 - Голощапов (Ананичев, Бабинцев)

2:3 - 62:32 - Бурделёв (Карамнов)

Қақпашылар: Каратаев - Портер

«Сарыарқа» мен «Бейбарыстың» алғашқы матчында арнайы бригада маңызды рөл атқарды. Матчтағы бес шайбаның үшеуі артық құраммен салынды, арбитрлер ойып соққысынан кейін тағы бір шайбаны тіркеді. Нәтижесінде атыраулықтар дәлірек көздеді. Жеңіс шайбасының авторы – Юсуп Асуханов. «Бейбарыс» құрамынан Айрат Мурзин дубль жасады. Қонақтардың қақпашысы Роман Шефер қақпаға бағытталған 39 соққыға тойтарыс берді.

«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 2:3 (0:0, 1:2, 1:1)

0:1 - 30:59 - Мурзин ШБ

0:2 - 34:29 - Мурзин (Дыньков, Свинцицкий)

1:2 - 37:50 - Баженов (Королинский) ГБ

1:3 - 44:53 - Асуханов (Федоров, Гасников) ГБ

2:3 - 58:55 - Зайцев (Стулов, Шингареев) ГБ

Қақпашылар: Микушин - Шефер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.