Қазақстан Кубогінің үш дүркін иегері атанатын қай команда?

1 qyrkúıek
371

Бүгін Өскеменде 2024 жылғы хоккейден ҚР Кубогінің шешуші матчы өтеді.

Чемпиондық үшін көкшетаулық «Арлан» мен рудныйлық «Горняк» тартысады. Қос команда да өз топтарында екінші орындарды иеленді, алайда жартылай финалдық ойындарда бестіктен «Сарыарқа» мен «Құлагерді» ығыстырды.


Ағымдағы Кубокте салынған/өткізілген шайбалар: 17/9 – 29/12

Бомбардир: Владимир Боровков (3+5) – Валерий Гурин (5+3)

Қорғаушы: Олег Железнов (1+4) – Александр Куршук (2+6)

Қақпашы: Сергей Кудрявцев (3 жеңіс, 94.19% тойт., СК – 1.67) – Владислав Нурек (3 жеңіс, 93.52% тойт., СК – 2.33)


2024 жылғы ҚР Кубогінің финалында ағымдағы турнирдің ең нәтижелі командасы – «Горняк» пен қорғаныстағы ойын бойынша ең сенімді команда –«Арлан» кездеседі.

Қос ұжым да өз тарихында беделді атақты екі рет жеңіп алды: көкшетаулықтар 2012 және 2013 жылдары, рудныйлықтар 2010 және 2015 жылдары жеңді.

Қызықты факт: 2010 жылы рудныйлықтардың тәлімгері Сергей Невструев «Горняк» құрамында Кубок иегері атанса, 2013 жылы «Арланның» жеңісті құрамында көкшетаулықтардың қазіргі бас бапкері Владимир Маркелов өнер көрсетті.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.