Құлагер Алматыдан жеңісті жұлып әкетіп, жартылай финалға шықты, Сарыарқа да Кубоктің топ-4-іне енді, Зайцев хет-трик жасады

27 tamyz
566

Хоккейден Қазақстан кубогі ойын күнінің кешкі сессиясында екі матч өтті.

«Құлагер» кезекті рет жігерлі жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Петропавлдықтардың джокері – қатарынан екінші жеңіс шайбасын салған Александр Ананичев. Бүгін «Алматымен» текетіресте форвард финалдық ысқырыққа 14 секунд қалғанда гол салды. Солтүстікқазақстандықтардың қақпашысы Денис Каратаевтың есебінде 41 сейв бар.

«Алматы» - «Құлагер» 1:2 (0:0, 1:0, 0:2)

1:0 - 26:05 - Туник (Давыдов, Хоменко)

1:1 - 51:55 - Своеволин (Рыжий, Недилько) ГБ

1:2 - 59:46 - Ананичев (Жульдиков, Гловацкий) ГБ

Қақпашылар: Портер – Каратаев

Кубоктің финалдық бөлігіне өткен тағы бір команда – «Сарыарқа». Қарағандылықтар «Ақтөбені» сенімді түрде жеңіп, В тобындағы қарсыластарын щаң қаптырып кетті. Бұл матчта алаң иелерінің капитаны Глеб Зайцев хет-трик жасады, төрт нәтижелі шабуылға Егор Кузьменко (1+3) қатысты.

«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 7:2 (2:0, 2:1, 3:1)

1:0 - 16:46 - Зайцев (Кузьменко)

2:0 - 18:34 - Зайцев (Кузьменко)

2:1 - 29:29 - Рыжих (Дорофеев, Гайсин)

3:1 - 31:14 - Стулов (Лызин, Шингареев)

4:1 - 37:53 - Кнауб (Королинский, Верещагин)

5:1 - 45:25 - Кузьменко (Коннов)

6:1 - 47:41 - Зайцев (Кузьменко, Пелевин)

7:1 - 54:22 - Симонов (Сайко)

7:2 - 55:22 - Беляев

Қақпашылар: Микушин - Костюков (Дубович, 54:22-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.